«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Екібастұзда іскер ханым ұлттық стильдегі сән үйін ашуды жоспарлап отыр

2018 жылғы 14 Наурыз
- Павлодар облысы
9809 просмотров

Гүлперизат Өтебаева ұлттық нақыштағы заттар әзірлеуде. Бүгінде жеке бизнесін қалыптастыруды қолға алған. Бес баланың анасы негізі шаштараз. Шығармашылықты қолға алған ол 4 жылдан бері тапсырыс берушілердің қуанышын еселеп келеді.

«Туыстарымның арасында шеберлер аз емес. Осының да әсері болды-ау. Көрпе, жастық, перде, дастархан тігіп, қалыңдық жасауын дайындаймын. Жұмыстарымды ұлттық нақытша безендіремін. Біздің ұлттық өнерімізді әлемге танытқым келеді. Өз елімізден ғана емес, шет елден де тапсырыс беріп жатады, арасында онлайн шеберлік-сағатын өткізуді сұрайтындар да бар», - дейді ісмер ханым.

Гүлперизат Өтебаева тігін шеберханасын ашу жоспарымен бөлісті. Бұл ойымен Кәсіпкерлер палатасының Екібастұз қаласындағы филиалына жүгінген. Алдымен «Бизнес Кеңесші» курсынан өткен. Қазіргі таңда мамандар бизнес-жоспар дайындауға көмектесу үстінде.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығының менеджері Әлия Бейсебаеваның айтуынша, шебердің тіккен заттарына сұраныс жоғары. Алайда жеке орынжайдың жоқтығынан ол үйінде жұмыс істеуге тура келеді. Бұл жұмысқа толық берілуге кедергі.

«Ісмер ханым Кәсіпкерлер палатасының филиалына бизнес-идеясын жүзеге асыруға көмек сұрап келді. Ателье ашып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап ыңғайлы әрі ұлттық нақыштағы киім тігуді қалайды.сонымен қатар қалыңдықтардың жасауын дайындауға да әзір. Қазіргі таңда мемлекеттік грант байқауына дайындық үстінде. Оған орынжай мәселесін шешу керек. Байқауға қатысу үшін өзінің немесе жалға лынған арнайы орны болуы керек деген талап бар, бұл қатысушының тапсырысты орындауға қаншалықты дайын екендігін көрсетеді», - дейді Әлия Бейсебаева.

Мұнымен қоса Екібас тұз қаласының Іскер әйелдер кеңесі де қолдау көрсетіп келеді.

«Шебердің жобасының барлық кезеңіне де көмек көрсетіледі. Бұл жобамен 5-10 адам жұмыспен қамтылады. Мұнымен қоса Екібастұз қаласында Сән үйін ашып, ұлттық нақыштағы бұйымдар әзірлеуді қолға алғысы келеді», - деді Әлия Бейсебаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер