«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарда ІТ-орталығы ашылады

2018 жылғы 18 Мамыр
- Павлодар облысы
8068 просмотров

ІТ-орталығының ашылуы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арасында жасалған Меморандумның нәтижесі болды.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалындағы брифинг барысында айтылды, брифинге Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры Серік Байсейітов қатысты. ІТ-орталық Еуразиялық инновация университеті базасында 21 мамыр күні ашылады. Мұнда жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 30 павлодарлық тұңғыш рет іріктеу тестілеуден өтеді.

«Қазіргі таңда елімізде цифрлық технологиялар саласында сауаттылықты арттыруға көңіл бөлінген. Кәсіби ІТ-мамандарын дайындауға да ден қойылған. ІТ-орталығын ашу ауқымды кеңейтіп, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тиімділігін арттырады. Аталған жобаның түпкі мақсаты –  тиісті білімі бар мамандарды дайындау, IT-кәсіпкерлікті дамыту болып табылады», – деді Серік Байсейітов.

 Осыған дейін Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және жергілікті атқарушы органдар, бизнес өкілдері арасында бірнеше меморандумға қол қойылған болатын. Осы бағытта Еуразиялық инновация университеті жанынан оқу орталығы анықталды, бұл орталық ӨКП оқу орталықтары тізіліміне енгін. Бұл орталықтың білікті мамандар дайындау үшін қажетті материалдық-техникалық базасы бар.

 Сонымен қатар оқу орталығымен бірлесіп цифрлық білімді меңгеру және ІТ-кәсіпкерлікті дамыту бойынша оқу бағдарламасы әзірленуде.

 «ІV өнеркәсіптік революция заманында цифрландыру үдерісі белсенді дамып жатыр.  Сондықтан ІТ саласында мамандарды дайындауға белсенді кірісу керек, осылайша адамдарды тиімді жұмыспен қамтуға болады. ІТ сегментін дамыту технологиялық кәсіпкерлікке жол ашатыны сөзсіз», – деді Серік Байсейітов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер