«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы Башқұртостанмен байланыс орнатты

2018 жылғы 25 Мамыр
- Павлодар облысы
7494 просмотров

Павлодар облысы делагациясы  Башқұртостан Республикасына барды

Сапар аясында делегация өңірдің ірі кәсіпорындарына барып, өзара тиімді әріптестік орнату бойынша келіссөздер жасалды. Осылайша Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов және  Башқұртостан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы президенті Азат Фазылов Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серік Байсейітовтың пікірінше бұл меморандум Павлодар кәсіпкерлері мен  Башқұртостан бизнес-қоғамдастығы арасында сауда-экономикалық байланысты кеңейту мен нығайтуда тың серпін береді.

«Өңірлеріміздің ынтымақтастықты дамыту үшін айтырлықтай әлеуеті бар. Біз екі аймақтың бизнесмендері арасында іскерлік байланысты нығайтуға күш саламыз, келіссөздерге жағдай жасаймыз. Осы мақсатта мүдделі тараптар қатысуымен экономиканың түрлі салаларында инвестициялық мүмкіндіктерді анықтау бойынша ортақ кездесулерді өткізуді жоспарлап отырмыз»,– деді Серік Байсейітов.

 Айта кетелік, тараптар ортақ инвестициялық жобаларды қолға алу және Палодар облысы мен  Башқұртостан территорияларында шетелдік қатысумен кәсіпорындарды құруға, сондай-ақ екі өңірдік тауар өндірушілері өнімін өткізуге қызығушылық танытты.

 «Біз кәсіпкерлерге жергілікті билік органдарымен ынтымақтастықта жан-жақты қолдау көрсетуге келістік. Сонымен қатар әлеуетті әріптестерге  экономикалық мүмкіндіктер мен кәсіпкерлік қызметтің талаптарын таныстыру мақсатында олардың жәрмеңкелер, көрмелер, семинарлар мен басқа да іс-шаралаға қатысуына жағдай жасаймыз. Башқұрттық әріптестеріміз ауыл шаруашылығы өнімін Қытайға экспорттауға қызығушылық танытуда», – деді Серік Байсейітов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер