«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер балалар үйінде қонақта болды

2018 жылғы 29 Мамыр
- Павлодар облысы
7765 просмотров

Халықаралық балалар күні қарсаңында «Халық радиосы», ӨКП, Павлодар облысы ІІД ұжымы ата-ана қарауынсыз қалған балаларды мерекемен құттықтады. Әрине, қонақтар сыйлықтарын көтере келді. Кәсіпкерлер кәде, тәттілер, ойыншықтар әкелді. Балаларға жақсы көңіл күйді Паровоз атты клоун сыйлады. Ал «Харизма» тұлғалық өсу орталығының маманы Ләззат Абсалямова балаларға шешендік өнер бойынша  шеберлік сабақ өткізді.

 Ал арнайы жасақ сарбаздары ұл балаларға күрестен бірнеше айла тәсілдерді үйретті. ӨКП директорының орынбасары Серік Әбілтаев балаларды келе жатқан мерекемен құттықтады.  

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2017 жылдың қыркүйек айында «Атамекенім» жалпыреспубликалық акцияны іске қосты. Акция қайырымдылық мәдениетін дамыту мен әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Осы науқанға павлодарлық кәсіпкерлер атсалысып жатқаны қуантады. Өзіміздің тұрақты әріптесіміз «Халық радиосымен» бірге «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып келеміз», – деді Серік Әбілтаев.

Осы жолы команда Кенжекөлдегі балалар үйіне барды. Бұл отбасылық типтегі балалар үйінде 60 балақай тәрбиеленуде. Болашаққа бірге қадам жасап, қоғам санасын өзгерту, бірге күшті әрі жауапкершілігі мол Ұлтты қалыптастыру туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бағдарламалық мақаласында айтқан боалтын.

 «Бүгінгі іс-шара осы мақсатқа жетудегі тағы бір қадам болатынына сенімдімін. Өйткені, Мемлекет басшысы жалпыұлттық патриотизм маңызын жаңғырудың негізі деп айтып отыр. Бәрімізі бірігіп өскелең ұрпақ тәрбиесіне, қамқорлыққа шынымен мұқтаж балаларға қолдау көрсете аламыз», – деді Серік Әбілтаев.

 «Халық радиосы» жүргізушісі Гүлайым Тасованың айтуынша мұндай кездесулер баллар үйі тәрбиелнушілеріне маңызды.

 «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясын үшінші жыл қатарынан өткізіп келеміз. Балалармен кезекті кездесуді қобалжып қарсы аламыз. Осы жолы акция Қасиетті Рамазан айына тұспа тұс келді. Жақсылық жасаған қандай ғанибет. Бүгінгі шарамыз әріптестеріміздің арқасында сәтті өтті, балаларға қуаныш сыйлады», – деді журналист.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер