«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қостанайлықтар «Бизнес-Кеңесші» курсын меңгеріп жатыр

2018 жылғы 07 Маусым
- Қостанай облысы
5914 просмотров

Қостанай облысына халық  аграрлық өңір деп қана қарайды. Сондықтан жұмыс істеп тұрған және бастауыш кәсіпкерлердің 90%-ы «Бизнес-Кеңесші» курсына мал шаруашылығы бойынша жобамен келіп жатыр. Алайда оқу барысында тыңдаушылардың кәсіпке деген көзғарасы күрт өзгереді де басқа бағыттағы идеяға ден қойып жатады.

ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Роберт Юсуповтың айтуынша бүгінде «Бизнес-Кеңесші» бойынша курсқа 557 адам қатысқан.

«Өңірде аталған курсқа деген сұраныс жоғары. Біріншіден, адамдар оқудың қысқа мерзімділігіне қызығады, егер «Бастау» курсы 25 күнге созылса, «Бизнес-Кеңесші» жобасына небәрі екі күн жұмсалады. Екіншіден, оқудан өту бойынша сертификат қайтарымсыз қаражат алуға мүмкіндік береді», – деді Роберт Юсупов.  

 7 маусым күні курс бойынша 70 адам оқуын бастады. Әркімде түрлі тәжірибе мен еңбек өтілі қалыптасқан. Тыңдаушылардың біразында кәсібі бар, енді біреулер кәсіпті енді қолға алмақ. Барлығының мақсаты бір – жаңа білім мен білікті мамандардан кеңес алу.

 «Көп тыңдаушылардың бизнес жобалары бар, осында өз идеялармен келді. Бірақ әр бастама түбегейлі өзгеріп, басқа бағытқа кетуі мүмкін екенін түсіну керек. Қостанай облысында  мал шаруашылығын ғана қолға алуға болады деген – қате түсінік.  Бұрын Амангелді ауданында бір де бір қонақүй болған жоқ, қазір екі қонақүй бар. Және оларға деген сұраныс жоғары, маған бос орын табылмады», – деді бизнес-тренер Руслан Ищанов.

 Жаңа жобаларды айта отырып, Руслан Ищанов Қостанай облысына тән бастамаларды айтты. Мәселен, «Қазпочта» АҚ франшиза енгізіп жатыр. Демек кез келген кәсіпкер төлемдер қабылдау бойынша оператор бола алады. Әсіресе бұл жоба шалғай аудандардағы кәсіпкерлер үшін өзекті, өйткені бұл тұрғындар қарапайым коммуналдық қызмет төлемдерін жасау үшін аудан орталығына баруға мәжбүр.

«Тіпті бір банкоматы жоқ аудандарымыз баршылық. Ал банкоматтар өте қажет. Бір сөзбен айтқанда кәсіптің түр түрін қолға алу мүмкіндігі көп. Бастысы сізге қажетті бағытты таңдау!», – деп қорытындылады бизнес-тренер.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер