«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Аға сеньор» және «Іскерлік байланыс»: бизнес жүргізуде жаңаша көзқарас

2018 жылғы 22 Тамыз
- Павлодар облысы
9192 просмотров

Кәсіпорынның табыстылығы  инновацияларды дамыту, жаңа технологияларды енгізу, басқару әдістерін қолдану мен бизнес-процестерді оңтайландыруда жатқанын кез келген кәсіпкер біледі.

 Алайда осындай шараларды қолдануға әдетте қаражаттың жетіспеушілігі кедергі. Қайтпек керек? ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әнел Жампейісованың айтуынша шешім табудың мүмкіндігі бар.

 «Кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жақсы қолдау. Аталған бағдарлама аясында «Аға сеньор» мен «Іскерлік байланыс» құрауыштары жүзе асып жатыр. Мәселен, «Аға сеньор» құрауышы аясында кәсіпкер жоғары білікті маманды шетелден алдыртып, технологияларды игере алады. «Іскерлік байланыс» бойынша, керісінше, кәсіпкер шетелден тағылымнамадан өтеді», – деді Әнел Жампейісова.

 «Аға сеньор» құрауышы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды және қызметкерлерді оқытуды енгізу бойынша кәсіпорындарда тікелей компоненттің қатысушыларына кеңес беру үшін табысты жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға негізделген төртінші бағыты.  

 Әнел Жампейісованың айтуынша 2016 жылы Павлодар облысына «Аға сеньорлардың» үш сарапшылық миссиясы: «Павлодар жылыжай комбинаты» ЖШС, «Ақсу жылыжай комбинаты» ЖШС, «Jet Logistics» ЖШС-на жасалды.

 «Павлодар жылыжай комбинаты» ЖШС мен «Ақсу жылыжай комбинаты» ЖШС-на сарапшылық миссияны философия ғылымдарының докторы Канададан келген  37-жасар Прем Карбанда жүргізді. Сарапшы өндірістің жеткілікті жоғары деңгейі мен кәсіпорындардың техникалық жақсы жабдықталуын атап өтті. Кәсіпорын иелері көкөністердің, атап айтқанда қызанқтардың аурулары жайында мол ақпарат алды. Нәтижесінде қызанақ зиянкестерінің алдын алу және оларға қарсы күресу бойынша іс-шараларға толыққанды хаттама жасалды», – деді Әнел Жампейісова.

  «Jet Logistics» ЖШС кәсіпорнына Пьер Глот атты сарапшы келді. Оның мақсаты басқарудың жаңа әдістерін енгізу, логистика, стратегиялық жоспарлауды оңтайландыру, қызметкерлерді оқыту болды.

2017 жылы төрт павлодарлық кәсіпорын «Мир Станков» ЖШС, «RWS Binding» ЖШС, «Черноярская жемчужина» ЖШС, «Технологические линии» ЖШС шетелдік сарапшыларды күтіп алды.

«Мир Станков» ЖШС мен «RWS Binding» ЖШС кәсіпорындарына сарапшылық миссияны Дирк Удо Фрике жүргізді. Сарапшы компанияның стратегиясын өзгертуге күш салды.

 Германиядан келген сарапшы Вернер Грамлих «Технологические линии» ЖШС-на келіп болат құюдан шеберлік сабақтарын берді. Сарапшы құю формаларын өзгертті, сондай-ақ кәсіпорын дамуы үшін бірқатар ұсынымдар жасады.

 Германия сарапшысы Наталья Майер егде тартқан адамдарға арналған оңалту жұмыстарымен айналысатын «Черноярская жемчужина» ЖШС-на қолдау көрсетті. Аталаған жоба ӨКП қолдауымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары аясында жүзеге асырылып жатыр.

 «2018 жылы «Аға сеньор» құрауышына 8 өтінім келіп түсті, атап айтқанда «Ақсу жылыжай комбинаты» ЖШС, «Агроком» шаруа қожалығы, «DAMAK» Павлодар механикалық зауыты»ЖШС, «Омарова» ЖК, «Istudy» тіл мектебі» ЖШС, «Черноярская жемчужина» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Технологические линии»ЖШС. Қолдаудың тағы бір тетігі «Іскерлік байланыс» құрауышы болып отыр», – деді сарапшы.

 Бұл экономиканың басымдыққа ие секторларында жұмыс істейтін шағын жән орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған.

 Жоба екі кезеңнен тұрады. Біріншісі елде өтеді. Кезең қорытындысы бойынша қатысушы бизнес жоспар дайындайды, сәтті қорғаса екінші кезеңге өтіп, Германиядан тағылымнамадан өтеді.

 2016 жылы аталған құрауыш бойынша Павлодар облысынан 45 кәсіпкер Германияға барып, шыңдалып келді.

 2017 жылы Павлодар облысынан 43 өтініш түсті. 18 адам оқуға қатысып, оның ішінде 3 кәсіпкер 2018 жылы байқау іріктеуінен өтіп, тағылымнамаға жолдама алды. 2018 жылы 62 өтінім түсті. Осы ретте бірінші кезең Павлодар облысында өтті. Бұл жергілікті кәсіпкерлер үшін ыңғайлы болды.  

 «Кәсіпкерлер бірінші кезеңді қаладан шықпай өте алады. Шілде айында 41 адамнан құралған бірінші топ оқудан өтті. Бақса кәсіпкерлерді «Аға сеньор» мен «Іскерлік байланыс» жобаларына қатысуға шақырамыз. Сұрақтар болса Өңірлік кәсіпкерлер палатысынан білуге болады», – деді Әнел Жампейісова. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер