«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» түлегі жасанды мәрмәр өндірісін қолға алды

2018 жылғы 19 Желтоқсан
- Павлодар облысы
10452 просмотров

Нағыз мәрмәрдің имитациясын қалай жасауға болады, оның артықшылығы қандай?

 Жауапты Павлодар ауданы, Набережное ауылының тұрғыны бастауыш кәсіпкер Татьяна Кромм біледі.

 Ауыл тұрғыны мамандығы бойынша массажист. Оның хоббиі көп: жақындарға тәттілер әзірлеу, балаларға жаңажылдық костюмдерін тігу, сурет салу. Бұған қоса іскер әйел бетоннан мәрмәр дайындау шеберлігін әкесінен үйренген. Татьянаның әкесі әзірлеген бірегей технология арқылы қыш тақта, тас төсеуіш, жапсырма, барельефтер, ескерткіш тақталарды жақсы сапада дайындауға болады.

«Бастау» жобасы туралы естіп, Татьяна Кромм жеке кәсіпті шындап бастауға кірісті. Келіншектің идеясын оның отбасы: жолдасы мен үш баласы қолдады.

 «Бетоннан жасалған мәрмәр немесе жасанды мәрмәр – әмбебап материал, оны өз қолыңмен жасауға болады. Аталған технология бойынша әзірленген заттар жоғары төзімділік, ою-өрнек, түс пен форманың сан алуандығымен ерекшеленеді. Мәрмәрді ғимарат ішін әрлеуге бұрыннан бері қолданады. Бұл өте әдемі, бекзат көрінетін материал. Алайда бағасы да тым қымбат. Мен мәрмәрді жасанды түрін ұсынамын, оның бағасы да арзан, ал сыртқы келбеті еш кем түспейді», – деді кәсіпкер.

 Шебер жасанды мәрмәрдың көп артықшылығы бар дейді. Өнім табиғи мәрмәр секілді экологиялық таза, оның бағасы айтарлықтай төмен. Бұған қоса жасанды мәрмәр жылуды жақсы ұстайды, ылғалды жібермейді.

 Жұмыс барысында бастауыш кәсіпкер болашақ плиткаға өзі өрнек салады, түс реңкін таңдайды.

«Бастау» жобасы бойынша оқудан өтіп, шебер «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021жылдарға арналған бағдарламасы» аясында гранттық қаржыландыруға өтінім бермек.

 Жобасы мақұлданған болса Татьяна Кромм қажетті жабдық алып, өндірісті бастауды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер