«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» жобасының түлегі ауылда қонақүй ашты

2019 жылғы 08 Қаңтар
- Павлодар облысы
8583 просмотров

Қонақүй ашу идеясы Успенка ауылының тұрғыны Ульяна Конкинада кездейсоқ пайда болған

Осыған дейін Ульяна Яковлевна достары мн жақындарының сұрауымен белгілі бір себеппен Успенка ауылына келген меймандарға жатын орын бөліп, күтіп алған болатын.

  «Кейбіреуі іссапармен келген, енді бірі ауа райы қолайсыздығы салдарынан қалған, қысты күні боранда полиция көлікті ауылдан шығармағадықтан қалып қойған. Өзім жалғыз тұратындықтан, қонақтарға артық бөлме табылатын. Осындай жағдай қонақүй ашуға түрткі болды», – дейді кәсіпкер.

 Ойлана келе Ульяна Яковлевна Успенка ауылына қонақүй керектігін түсінеді, ауылда  хостел бар, бірақ балалы адамдарға ыңғайсыз, оның үстіне ылғи бос болмайды. Осылайша уақытша тұрғын үйге сұраныс бар.

 «Жобаны әзірлеудің басты идеясы – ауыл қонақтарының, жас мамандардың қажеттілігін қанағаттандыру. Клиенттердің негізгі бөлігін іссапармен келгендер сонымен қатар Павлодардан Ресей Федерациясының Новосибирск пен Алтайский край тасжолымен жүретін аудан тұрғындары құрайды», – деді жоба бастамашысы.

Ульяна Конкина бизнес-идеясын жеке қаражатына жүзеге асыра бастады, үйге жөндеу жүргізді, бөлмелерді оқшаулады, кәріз құбырын жүргізіп, жуынатын бөлме жасады, жиһаз алды. Аулада монша, беседкалар, гараж, автокөліктерге арналған тұрақ бар. Осымен шектелмей ауыл тұрғыны «Бастау» жобасына қатысты.  

 Оқуды аяқтаған Ульяна Конкина бизнес-жобасын сәтті қорғап, мемлекеттік гранттың иесі атанды. Осы қаражатқа қонақүйге арналған қосымша жабдық пен мүкәммал алынбақ.

Бастауыш кәсіпкердің зор ынтасы арқасында алғашқы меймандар жылы лебіздерін білдіріп үлгерді. Қонақтар шағымдар кітабына өз пікірлерін оң білдірді, оларға қонақүйдегі кәдімгі үйдің жайлылығы ұнаған, мұндайды үлкен қонақүйлерде таппайсың.

 «Жоба тыңдаушысы Ульяна Конкина оқуға осы аудан орталығы үшін өзекті дайын бизнес-идеямен келген. Кәсіпкердің бизнесіне сәттілік, жақсы клиенттердің көп болуын тілеймін», – деді «Бастау» жобасының бизнес-тренері Асылбек Әріпов.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер