«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарда «Open Pavlodar» фронт-кеңсесі ашылды

2019 жылғы 09 Қаңтар
- Павлодар облысы
8479 просмотров

Жаңа заманауи кеңсе «бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсетудің негізгі нысанына айналды

Мұнда бастауыш кәсіпкерлер және кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер қолдау шараларының кең ауқымын алып, Кәсіпкерлер палатасының сарапшыларына бизнеске қатысты сұрақтарын қойып жауап ала алады. Бұл фронт-кеңседе Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінен бөлек «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, екінші деңгейлі банктер, коммуналдық қызметтер мен мемлекеттік органдар орналасты.

  «Бизнесмендер үшін ең құнды нәрсе – уақыт. Жаңа сервистің артықшылығы кез келген кәсіпкер немесе кәсіп ашқысы келетін адам еш қиындықсыз «бір терезе» арқылы қызмет түрлерін пайдалана алады. Осындай  мүмкіндік арқылы кәсіпкерлер уақыттарын үнемдеп, жеке кәсібін дамытуға қажетті көңіл бөліп, бизнес дамуына керек консультациялардан бастап, қаржылық көмекке дейін қолдау алады», – деді ҚКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әнел Жампейісова.

 Open Pavlodar фронт-кеңсе Кривенко 25 көшесіндегі ғимаратта орналасқан. Осы ретте Әнел Жампейісованың айтуынша, Кәсіпкерлер палатасы облыс бойынша Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының өңірлік желісін  құрған.

2018 жыл ішінде Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары 5 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетті. Орталықтардың менеджер-кеңесшілері жалпы сомасы 793,2 млн теңгені құрайтын 110 жобаға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер