«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық кәсіпкерлер омбылық әріптестермен іскерлік байланыс орнатты

2019 жылғы 28 Ақпан
- Павлодар облысы
6858 просмотров

 Павлодарлық кәсіпкерлер және Омбы қаласының іскерлік ортасы меморандум қабылдады

Көрші өңірлердің бизнесмендері Кәсіпкерлер палатасы алаңында В2В форматында кездесті. Кездесу нәтижесі, ары қарайғы өзара тиімді әрекеттестіктің әлеуеті жоғары екенін көрсетті.   

 Омбылық делегацияны ауыл шаруашылық техникасы өндірісі, электро-техникалық өнімдер, майлау материалдар, көтерме және бөлшек сауда, полиэтилен және полипропилен құбырлары, майонез және қызанақ өнімдері, минералды ауыз суы, алкогольсіз сусындар, киім-кешек, сонымен қатар туризм саласында жұмыс істейтін 18 компания бастап келді.

 «Павлодарлық кәсіпорындардың Омбы облысының кәсіпкерлеріне ұсынатын тауарлары көп. Өңіріміз минералды және көмірсутек шикізатын игерумен айналысатын күрделі өндірістер мен кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімі бар ТМД кеңістігінде ең ірі аумақтық-өнеркәсіптік кешендердің бірі ретінде тарихи қалыптасты», – деді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Арынов.

Іс-шараға Павлодар облысынан мұнай-химия, энергетика, металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, сауда, туризм саласында жұмыс істейтін 70 компания қатысты

 Омбы сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Ольга Федулова бизнесмендер өнімдерді бірлесіп жеткізу туралы, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындарды ашу туралы келісімдерге қол жеткізуге ниетті екенін жеткізді.

 «Қазақстан Омбы облысы үшін сыртқы экономикалық маңызды серіктес. Қазақстаннан келетін импорт: машина жасау өнімі – 41%, азық-түлік тауарлары және шикізат – 26%, минералды заттар – 23%-ды құрайды. Біз ауыл шаруашылығы машиналарын Павлодарға жеткізуді және ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өңдеуді жоспарлап отырмыз», – деді Ольга Федулова.

Бизнестің Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен кездесуі өнімді өтті. Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы консулдығы өкілдігімен байланыс жанданды.

Айта кетелік, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Новосибирск қаласында Сыртқы сауда палатасының өкілдігін ашты, бұл ұйым да бизнес мәселелерін шешуде жұмыс істейтін болады.  

 Осы мақсатта Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде Омбы сауда-экономикалық палатасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 Бұдан бөлек, павлодарлық кәсіпкерлер омбылық әріптестермен бірқатар келісімдер жасады.

 ӨКП алаңында өткен бизнес-кездесу шеңберінде «Талисман» жеке кәсіпкерлігі (Омбы облысы) және «PROGRESS GROUP PLUS» ЖШС (Павлодар облысы) арасында туризм саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, «Белград» ЖШС (Павлодар облысы) және «Производственный центр снабжения «Сибирь» ЖШҚ (Омбы) арасында шарт жасалды, «Интерфуд» ЖШС (Павлодар) және «Омская» минералды су құю зауыты» ЖАҚ (Омбы) арасында ынтымақтастық туралы меморандум, «ТД «Электроточприбор» ЖШҚ (Омбы облысы) және «Мастек-НС» ЖШС (Павлодар облысы) арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Сонымен қатар Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы және  «Международный выставочный центр «ИнтерСиб» ААҚ арасында 2019 жыл  20-22 наурыз аралығында «Промтехэкспо»  Сібір инновациялық-өнеркәсіп форум өткізуге атсалысу келісімі жасалды.  

Бағдарлама аясында Омбы сауда-экномикалық палатасы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағына, сондай-ақ   Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына «Аtameken Services» цифрлық алаңын тамашалау мақсатында баруы ұйымдастырылды.

 Ербол Арынов бұл кездесу өңірлер арасындағы іскерлік қарым-қатынасты нығайта түсетінін, экономикалық даму және инвестициялар тартудағы  қадам болатынын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер