«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес ханымдар Жасөспірімдер үйі тәрбиеленушілерімен кездесті

2019 жылғы 05 Наурыз
- Павлодар облысы
6676 просмотров

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі Жасөспірімдер үйінде «Жас Ұрпақ» қайырымдылық акциясын өткізді.

Айта кетелік, «Жақсылық жаса» акциясы Іскер әйелдер кеңесінің өкілдері үшін жақсы дәстүрге айналды. «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Бақытжан Ілиясованың айтуынша, өңірдің іскер ханымдары қайырымдылық шараларына қатысып қана қоймай, сондай-ақ игі шараларды ұйымдастыруды өздері ұсынады.

 Осы жолы да «Жас Ұрпақ» тәрбиленушілерін құттықтауды Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Зәуреш Досжанова ұсынды. Іскер әйелдер кеңесі қыз балаларды мерекемен құттықтап, сыйлықтар сыйлады. Бұған қоса оқушыларға кәсіпті бастау, арманды жүзеге асыру туралы пайдалы ақпарат берілді.   

«ЖасҰрпақ» жасөспірімдер үйіне алғашқы келуіміз емес. Балалар үйінің тәрбиеленушілері «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында да болған. Жастарға көңіл бөлу, олармен тілдесу, ақыл айту өте маңызды деп санаймын. Бүгін біз қыз балаларды мерекемен құттықтап, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып бердік», – деді Бақытжан Ілиясова.

 Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы жас кәсіпкерлерге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар барын айтты. Мәселен, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Бизнес-мектепте» «Жас кәсіпкер мектебі» құрауышы жүзеге асырылады. Бағдарлама 16-29 жас аралығында жастарға арналған.

 «Бір орында отыруға болмайды. Үнемі дамып, арманға қарай ұмтылу керек. «Атамекен» палатасы өз тарапынан жан-жақты қолдауға дайын», – деді Бақытжан Ілиясова.

«ЖасҰрпақ» жасөспірімдер үйі директорының орынбасары Елена Лацуктың пікірінше, Кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен тілдесу тәрбиеленушілерге өз бизнес сауаттылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мұнда жақсы тәрбилеік мән бар. Осылайша, балалар сыйлық алып қана қоймай, сыйлықты өзгелерге беру керектігін үйренеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер