«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарда «Бизнес-Кеңесші» курсының түлегі балаларға арналаған бизнес-инкубатор ашты

2019 жылғы 11 Маусым
- Павлодар облысы
6268 просмотров

Бұл жерде 6-18 жас аралығындағы балалар өздеріне ұнаған курстың бірін оқи алады

Менің міндетім – «MoDeSu» бизнес-инкубаторының әр оқушысы өзін бала кезде армандаған кәсіби маман болуып қалыптасуына жағдай жасау. Бақыт деген сол емес пе?, – дейді бизнес-инкубатордың негізін қалаушы Елена Липутатова.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл балаларға арналған білім берудің бірегей форматы. Мында кәсіпкер өзі құраған авторлық бағдарламалар бойынша сабақ оқытылады.

 «Балаңыз жалданып жұмыс істей ме, немесе жеке кәсіп аша ма, мұны 100% ықтималдықпен анықтауға болады. «MoDeSu» бизнес-инкубаторы оқышулырды дәл осыған дайындайды. Біз бала өмірінде кәдеге асатын білімге оқытып жатырымыз. Сіз балаңызды қосымша мектептен тыс секцияларға берерде: «бұл бала болашағына не береді?» деп өзіңізге сұрақ қоюыңыз керек. Егер осы сұраққа жауап бере алмасаңыз уақытты босқа жоғалтпаңыз», – деді Елена Липутатова. 

Бизнес-инкубатор құрылтайшысының табыс жолы 1999 жылдан бастау алады. Ол уақытта Елена 11 жастағы бала. Сол жылы Елена кәсіпкерлік жолды таңдайды.

«Әдебиетті қатты жақсы көрдім, жазуды ұнаттым. Бірақ кітап емес, газет-журналға мақала жазуды қолға алдым. Оқырмандар менің пікрімді елесе екен деп ойладым, кейін телевизия мен радиода да күшімді сынағым келді. Сондықтан сол уақытта қаладағы танымал газет редакциясына бардым да жұмыс істегім келеді деп айттым. Мені жұмысқа алды. Сол уақттан бері мақалалрыма гонорар алып жүрдім, радиода диктор болдым. Мен бұл ермекпен мектеп бітіргенше айналыстым», – деді кәсіпкер.  

 Қызыл дипломмен екі жоғары оқу орнын аяқтаған жас маман бизнес саласын игеру мақсатында жалға жұмыс істеп, білік пен тәжірибе жинауды шешті.

«7 жылдың еңбек өтілінен кейін көбірек ақша табу үшін біреуге жалданып жұмыс істегім келмейтінін түсіндім. Жеке бизнес құруды шештім. Алайда барлық талаптарыма сай келетін стартап болған жоқ. Ойлап тапқан идеяларымның барлығы қарапайым, қызықсыз болып көрінді. Сол уақытта Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан «Бизнес-Кеңесші» курасына қатысуды жөн көрдім. Осы шешім өмірімді өзгертті. Оқудан соң бизнес-идеям – өңір, ел, қоғамға пайда әкелетіндей үлкен миссияға ие болуы керек екенін түсіндім. Сол сәтте балаларға арналған бизнес-инкубаторды ойлап таптым», – деп бөлісті Елена.

 «Бизнес-Кеңесші» курсын аяқтаған түлек бизнес-идеяларын жүзеге асыра бастады.

«Курстар балалар көңілінен шығуы керек, балалардың көздегенін беруі керек, өйткені балалардың 2%-ы арманына жетеді, демек қалаған мақсатына жетеді, қалғандары жалданып, жандары қаламайтын қызметте еңбектенеді. 1,5 ай ішінде дайындық пен әзірлеу нәтижесінде мен курс бағдарламасын құрып, балалар практикасына арнап 4 жобаны әзірледім. Тағы басқа да жобаларды қорытып жатырмын. Осы үдеріс бір секундқа да тоқтамауы керек. Отбасыма қолдай білдіргендері үшін рахмет. Мен – сүйікті жар, қамқор әпке, ең жақсы ата-ананың қызымын. Бүкіл отбасым – жанкүйерлерім, шабыт сыйлайтын тіректерім. Сонымен қоса адамдарға саяхаттауға кеңес беремін. Сапарлағанда шабыт оянады. Ал жеке кәсіп ашқысы келетіндерге «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасына жүгінуді ұсынамын», – деп қорытындылады Елена Липутатова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер