«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» түлегі кілем өндірісін қолға алды

2019 жылғы 13 Қыркүйек
- Павлодар облысы
7782 просмотров

Красноармейка ауылының тұрғыны, төрт баланың анасы бала кезінен тоқумен айналысады. Ал декреттік демалыс кезеңінде бұл ермек отбасылық қазынаға шағын табыс әкелді

Анар Темірова 2019 жылы «Бастау» жобасының қатысушысы атанды. Мамандығы бойынша келіншек бухгалтер, кассир болып жұмыс істеген. Бастауыш кәсіпкердің төрт баласының екеуі мектепке дейінгі жаста.

«Кішкентай кезімнен тоқимын, ал декреттік кезеңде хоббиім табыс әкелді. Балаларым өсіп қалды, енді жеке кәсіп ашсам деп ойлана бастадым. «Бастау» жобасы туралы жаңалық маған құлшыныс сыйлады. Оқу барысында мен тоқу бұйымдарына сұранысты зерттедім. Кілемдерді полиэфирлі баудан тоқимын технологиясы қарапайым, бірақ үлкен еңбекті талап етеді, бірақ кез келген hand-made қажырлы еңбекті талап етеді», – дейді Анар Темірова.

 Кәсіпкердің айтуынша, нарықты талдау тоқу бұйымдарына сұраныстың барын анықтады, бірақ клиенттерге өте қолжетімді бағалар керек.

 «Шикізат Ресейден алынады. Сондықтан бағаны арзандатуға мүмкіндік аз. Қазақстанда полиэфирлі бау өндірілмейді, өткізу нарығы кең. Ойлана келе мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 2 млн теңге мөлшерінде жеңілдікпен несие алуға шешім қабылдадым.  Бұл қаражатқа кілем тоқу білдегі алынбақ», – деді «Бастау» түлегі.

 Павлодар ауданында «Бастау» жобасы бойынша жылдың басынан 50 адам оқытылды. 9 қыркүйекте оқудың жаңа легі басталды, оқыту қыркүйек, қазан қарашада өтеді. Оған 100 адам қатысады.

 Егер бизнес бастауда күшіңізді сынағыңыз келсе, жобаға қатысу үшін мына сайтта тіркелуді сұраймыз: http://qoldau.atameken.kz/, call-орталық: 1432


Еншілес ұйымдар

Серіктестер