«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтоғай кәсіпкерлері өз өнімдерін көрмеге қойды

2019 жылғы 23 Қыркүйек
- Павлодар облысы
6475 просмотров

2019 жылдың 8 айы ішінде Ақтоғай ауданында 20 кәсіпорын ашылды. Палатаның өңірлік филиалы 150 млн теңге сомасында жобаларға сүйемелдеу көрсетті

 Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы директорының есептік кездесуі барысында айтылды. Іс-шараға Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және аудан әкімдігінің басшылығы, бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Кездесу форматы құрғақ статистиканы айтумен шектелген жоқ. Ақтоғайлық кәсіпкерлер өз өнімдерінің көрмесін ұйымдастырып, ауылдық бизнес дамуын заттай көрсетті.

 Филиал директоры Нариман Рахымжанов ағымдағы жылдың 8 айы ішінде «Бастау» жобасы бойынша 81 тыңдаушы оқуға қатысқанын айтты. Соның ішінде 29 түлек 136 млн теңгеге несие алған. 40 тыңдаушы жабдық, трактор, автомашина, айналым қаражатын толтыру, ірі қара, ұсақ мал, жылқы сатып алуға грант алған.

«Кепілдендіру және кәсіпкерлерді сервистік қолдау шаралары белсенді қолданылуда. Бұл шараларды бизнесті оқыту және қаржы сауаттылығын ұйымадстыру арқылы сүйемелдейміз. Ауылда бизнесті қолдаудың мемлекеттік қолдау шаралары бойынша қолданыстағы бағдарламаларды түсіндіреміз. Ауыл шаруашылығы өндірушілерге Біліктілің орталығы жақсы қолдау көрсетеді. Ақтоғай агро-техникалық колледж базасында экспортқа бағытталған ауылшаруашылық өнімдерін өсіру кезінде топырақ пен өсімдіктер арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізудің ұтымды технологиялары тақырыбында семинар ұйымдастырды», – деді Нариман Рахымжанов.

  Мәселен, грант алғандардың қатарында жеке кәсіпкерлер Мәукен Дархан монша ашты, Дамир Қаппасов шаштараз ашты, Максим Христодоров ТЖО құрылысын бастады. «Бастау» жобасының тағы бір түлегі Ләззат Қонақбаев Ақжол ауылында кілем жуу бойынша жеке кәсіп ашты, сұраныс жоғары.

 2019 жылдың 8 айы ішінде Ақтоғай ауданында 20 кәсіпорын ашылды. Соның ішінде 4 шаруа қожалығы, 16 жеке кәсіпкерлік. Таңдалған бағыттар: сауда, жолаушылар тасымалы, қызмет көрсету.

 
«Жобаларды сүйемелдеу процесінде жергілікті атқарушы органдары, даму инститтутарымен «бір терезе» қағидаты бойынша тығыз байланыс орнаттық. Әрине, құрылымды диалог бизнестің түйткілді мәселелерін жылдам шешудің кепілі», – деді Нариман Рахымжанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер