Павлодарда картоп өсірушілерге арналған семинар өтеді
Германиядан келген сарапшы Ханс Громбах жергілікті шаруаларға картопты крахмалды өндіруде еуропалық тәжірибемен бөлісті
«Атамекен» ҰКП Біліктілік орталығы ұйымсдастырған фермерлерге арналған оқу семинарлары циклы аясында 29 қарашада картоп өсірушілерге арналған семинар өтеді. Шетелдік және отандық сарапшылар крахмал өндіру мақсатында техникалық картопты өсіру технологиялары ерекшеліктерін айтады. Өңір үшін аталған тақырып өзекті, өйткені мұнда крахмал өндіру бойынша зауыт салынады, зауыт таныстырылымы семинар барысында өтеді», – деді ӨКП директорының орынбасары Жомарт Сембаев.
Фермерлерге арналған семинар Кемеңгер ауылында Павлодар облысы ауыл шаруашылығы сынақ станциясында өтеді. Іс-шара ұйымдастырушылары – «Атамекен» ӨКП және Қазақстан картоп өсірушілері және көкөнісшілері одағы».
Жомарт Сембаевтың айтуынша сарапшылар келесі өзекті тақырыптарды тарқатады: крахмалға арналған техникалық картоптың өсіруге арналған агротехникалық іс-шаралар, сұрыпты таңдау, картоп өсірудегі Еуропа тәжірибесі.
«Павлодар» ӘКК Төрағасының орынбасары Мансұр Қайырбаев Павлодар облысында Крахмал өндіру зауыты жобасының таныстырылымын жасайды.
«Қазақ жеміс-көкөніс ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері Бибігүл Ертаева картоп сұрыптарын және олардың ерекшеліктерімен таныстырады.
Семинарға қатысу үшін «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасына хабарласуды сұраймыз: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, тел: 66-03-11 (ішкі: 5526).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: