«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Малды жаппай союға мәжбүр болған кәсіпкерден 18 млн теңге талап етілді

2020 жылғы 05 Маусым
- Павлодар облысы
4611 просмотров

Шаруа қожалығы асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысады, мал басы ауруға шалдығып, қожалық иесі шығынға батқанына қарамастан, жергілікті шенеуніктер бұл жайтта негізсіз баю фактілерін байқап, шаруаны сотқа берген

«Ауыл шаруашылығы басқармасы «Сергей» шаруа қожалығына асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға берілген субсидияларды қайтарып алу туралы талап еткен. Талап арыз сомасы – 18 млн теңгеден асады. Шенеуніктер өз талаптарын шаруа қожалығы 2018-2019 жылдары малды сатуға сою себепті Ауыл шаруашылығы малын идентификациясы есебінен  112 бас ірі қараны тіркеуден шешіп алғанымен түсіндіріп отыр», – деді ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Сейфолла Қасымқанов. 

Мәселе «Атамекен» ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің қарауына шығарылды, кейін палата сарапшылары кәсіпкердің мүддесін сотта қорғады. Қарау барысында «Сергей» шаруа қожалығының басшысы асыл тұқымды малда түрлі ауру пайда болған соң союға мәжбүр болғанын айтты. Бұл ақпарат мәжбүрлі сою актілерімен расталып отыр, мәліметтер ауылдық округінің ветеринарлық пункті жетекшісі көзінше толтырылған және Ауыл шаруашылығы малын идентификациясы жүйесінде тіркелген.

 «Фермер субсидиялау ережесін ерікті орындады. Сатып алынған ірі қараны төл басын жақсарту үшін пайдаланды, бірақ форс-мажорлық жағдай салдарынан сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану мерзімі табиғи құлдыраудың зоотехникалық нормасы шегінде – кемінде екі жыл мерзімде, оның бақылауына жатпайтын себептер бойынша сақталмады. Шаруа қожалығы бруцеллез ауруы, сондай-ақ басқа да аурулар мен малдың қырылуы себепті малды союді негіздейтін актілерді көрсетті. Бұдан бөлек, мал сою үдерісі ветеринарлық қызмет мамандарының талаптарымен орындалды. Негізсіз баю фактісін жоққа шығара отырып, сот барысында шаруашылықтың асыл тұқымды малды союдан ешқандай экономикалық пайда алмағанын, керісінше миллиондаған шығынға ұшырағаны дәлелденді. Сот келтірілген дәйектермен келісті, нәтижесінде кәсіпкердің 16 млн теңге көлеміндегі құқығы қорғалды», – деп қорытындылады Сейфолла Қасымқанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер