«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Пандемия кезеңінде бизнес санитарлық талаптарды қатаң сақтауы керек

2020 жылғы 18 Маусым
- Павлодар облысы
4557 просмотров

Кәсіпкерлерге бірқатар шектеулерге түсінікпен қарап, барлық қажетті шараларды қабылдау қажет, өйткені осы шаралардың орындалуына қарай бизнес объектілердің ары қарайғы жұмыс істеуі тікелей байланысты. Бұл туралы ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әубәкіров айтты

«Еліміздің бірқатар өңірінде, соның ішінде Павлодар облысында коронавируспен ауырғандар саны өсіп келеді. Осыған байланысты кәсіпкерлердің назарын «Атамекен» палатасы кәсібін адал жүргізетін бизнес мүддесін қорғайтынына аудару қажет. Көптеген бизнес объектілері қызметіне әлі де тыйым салынған. Ал жұмыс істеуіне рұқсат берілген кәсіпкерлер санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек. Өкінішке қарай, санитарлық талаптарды сақтауға жауапкершілікпен барлық кәсіпкерлер бірдей атсалыспай отыр», – деді Серік Әубәкіров.

 Бизнес объектілерінде профилактикалық жұмыстар қалай жүргізіліп жатқанына бақылауды мониторингтік топтар жүргізеді, оған әкімдіктер, «Атамекен» палатасы, тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігінің бөлімшелерінің өкілдері мүше.

 «Күн сайын рейдтер жүргізіледі, кәсіпорындардың жұмыс істеуге дайындығы бағаланады, ондағы санитарлық талаптар, әлеуметтік қашықтық, дизенфекциялау жұмыстары, маска кию режимінің сақталуы тексерілуде. Әрине, мониторингтік топтардың негізгі міндеті шектеулер туралы және олардың орындалмағаны үшін жауапкершілік туралы хабардар ету. Кәсіпкерлер санитарлық нормалар бұзылған болса,  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы бойынша жауапкершілік тағайындалатынын білгені жөн», – деп атап өтті Серік Әубәкіров.

 Мониторингтік топ сонымен қатар қызмет етуге әзірге тыйым салынған объектілер: сауда және ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, сондай-ақ көпшілік жиналатын іс-шаралар: көңіл көтеретін, спорттық, отбасылық, еске алу және басқа да шаралардың болмауын тексереді.

 «Пандемия кезеңінде бизнеске санитарлық талаптарды қатаң сақтау керек. Кәсіпкерлік кодекске сәйкес егер эпидемия таралуы орын алса немесе сондай қауіп туындаса объектілерге жоспардан тыс тексеру тағайындалады, тексеру туралы кәсіпкерге алдын ала хабарлама берілмейді. Осы ретте адал кәсіпкердің құқықтары бұзылмауы керек. Сондықтан, бизнесмендердің заңды құқықтары бұзылған жағдайда немесе өкілетті орган қызметкерлері өз қызметін асыра пайдаланса кәсіпкерлер «Атамекен» өңірлік палатасына хабаралса алады: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16. Телефон: 66-03-11 ішкі: 5502, 5551, 5510», – деп атап өтті маман.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер