«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Железин ауданында шағын индустриялық аймақ ашылды

2020 жылғы 28 Тамыз
- Павлодар облысы
4214 просмотров

Кәсіпкерлерге орынжайлар жалға алу құны есептелмей, коммуналдық қызметтерді төлеу шарттында біреледі

Железин индустриялық аймағында 5 кәсіпорын орналасты.

 «Өңір басшысының тапсырмасымен ағымдағы жылдың соңына дейін шағын индустриялық аймақтар әр қала мен ауданда құрылады, оларлы құрудың мақсаты – қажетті инфрақұрылым бар орынжайларды тиімді шарттармен ұсыну арқылы бастауыш кәсіпкерлерді қолдау.  Шағын индустриялық аймақ кәсіпкерлерге жақсы мүмкіндік береді. Мәселен, егер біреу тігін цехын, наубайхана, шаштараз ашамын десе, кеңсе керек, осы бағытта шағын индустриялық аймақ жақсы мүмкіндік», – деді Железин аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Айгүл Уәлиева.

 Индустриялық аймаққа полиграфия саласын қолға алған, ұлттық мерекелерді рәсімдейтін, кәдесыйлар жасайтын, ұлттық нақышта киім тігетін «Құсайынова» ЖК, дәнекерлеу қызметін атқаратын «Ахметуалиев» ЖК, балық аулау құралдарын әзірлейтін «Бектұров» ЖК, изолон, фоамираннан гұл жасайтын «Салтанат» ЖК, есептелмелі крест, бисер өрумен айналысатын «Анисова» ЖК орналасты.

 Айта кету керек, ауыл тұрғындары кәсіп бастаудағы мүмкіндікке қызуғушылық танытты. Шаштараз ашу жоспары бар. Ол үшін бастауыш кәсіпкер «Бастау» жобасына жазылды.

 «Кәсіпкерлер палатасы ретінде өз тарапымыздан шағын индустриялық аймақ қатысушыларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл кеңес беру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, бизнес-жоспарды дайындау, салық есептілігін өткізу, бизнес-жобаны әзірлеудің барлық кезеңінде сүйемелдеу. Жеңілдікпен орынжай ұсыну бастауыш кәсіпкерлерге аяққа тұрып, уақыт пен қаражат үнемдеуге көмектеседі», – деді Айгүл Уәлиева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер