«Бастау» жобасының түлегі ауылда бьюти-бизнесті ашты
Жас кәсіпкер Әсел Байысова Шарбақты аудан орталығында сұлулық студиясын ашты. Бойжеткен армандаған кәсібін іске асырғанына қуанышты
«Бастау» түлегі – маникюр және шугаринг шебері. Шебер дипломы жалға жұмыс істеуге ғана мүмкіндік берді. Алайда осы жылы маман өзіне жұмыс істегісі келді. «Бастау» жобасы жақсы демеу болды.
«Өмірім Шарбақты ауданымен байланысты. Мен Александровка аулының тумасымын. Аудан орталығына көшіп, аудандық әкімдікте хатшы болдым, кейін балабақшада әдіскер болып жұмыс істедім. Кейін декреттік демалысқа кетіп, үйде баламен отырып, шугаринг шеберлігіне оқып алдым. Жұмыс пен ермекті бірге алып жүрдім. Алайда жеке кәчіптің болғанын қаладым. Жұмыспен қамту орталығына барып, «Бастау» жобасының бірінші легіне жазылдым. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында маған бизнес-жоспар құруға көмектесті, жеке кәсіпті ашуға қандай тетіктер барын айтты. отбасылық кеңесте сұлулық салонын ашу бойынша шешім қабылданды, өйткені менде тұрақты клиенттерім болды», – деді кәсіпкер.
Жас кәсіпкер жабдық сатып алуға 200 АЕК көлемінде грант алды. Жеке қаражатқа орынжайды жалға алып, оны жеке бизнеске қарай бейімдеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: