«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» түлегі карантин кезеңінде кәсібін кеңейте алды

2020 жылғы 25 Желтоқсан
- Павлодар облысы
5425 просмотров

Айжан Хасиетова 2019 жылы Аққулы ауылында фаст-фуд сауда нүктесін ашты. Алайда 2020 жылдың көктемінде кәсіпті енді қолға алған әйел пандемия салдарынан бизнесті тоқтатуға мәжбүр болды

Шектеу шараларына байланысты тәуекелдерге қарамастан кәсіпкер шағын кәсіпті жалғастырып, «Атамекен» ҰКП-ға «Бастау» жобасы бойынша оқуға өтінім берді.

 «2020 жылдың маусым айында мен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау» онлайн-оқытуға қатыстым. «Атамекенге» рахмет, кез келген сұрақпен кез келген уақытта барамыз, нақты жауап пен кеңес аламыз. Мамандығым бойынша маркетологпін. Екі балам бар. Қолдап, демеп жүрген жолдасыма рахмет», – деді Айжан Хасиетова. 

Бизнес тренер Қайрат Құсайыновпен бірге әзірленген бизнес-жоспар гранттарды бөлу жөніндегі аудандық комиссиясымен мақұлданды. Алынған қаражатқа жобаның түлегі қосымша жабдық сатып алды.

2020 жылдың жазында карантин кезеңінде «Бастау» түлегі қызметті тағыда тоқтатты. Дегенмен, кәсіпкер құр қол отырмады. Тамыз айында ол фаст-фуд орталығын ашып, кәсібін қайта бастады.

 «Пандемия кезеңі ауыр соққы жасады. Мен қиындықтарға берілмедім. Тамақты жеткізілімге әзірлей бастадым, ал бәсекелестердің болмауы Аққулы ауданында көшбасшы болуға мүмкіндік берді», – деді Айжан Хасиетова.

 Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, келіншек кәсіпті кеңейтті, осы бағытқа грант қаражаты жұмсалды.

 

 «2019 жылы жолдасым екеуміз шағын павильон аштық. Келер жылы грант қаражатына жаз уақытына беседка-терраса сатып алдық. Тауық-гриль, шаурма, хот-дог, бургер, фри картобын дайындаймыз. 2021 жылдың жаз айларында жазғы террасаны ашпақпыз», – деді Айжан Хасиетова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер