«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» жобасына 1750 павлодарлық қатысты. Қандай жобалар басымдықта?

2021 жылғы 13 Қаңтар
- Павлодар облысы
7012 просмотров

 «Бастау» соңғы бірнеше жыл ішінде халық арасында сұранысқа ие жобаға айналды. Осы жоба шеңберінде бизнес негіздерін тегін оқып, идеяны іске асыруда сүйемлдеу алуға болады

 «2020 жылы 1750 павлодарлық «Бастау» жобасына қатысты. Жобаның 732 түлегі кәсіп бастауға грант алды, 182 тыңдаушы жеңілдікпен несие алды. «Бастау» жобасының 609 түлегі грант қаражатын пайдаланып, кәсіп бастады. Кәсіби жобалардың басым бағыты аграрлық сектордағы  жобалар – 390 жоба. Сұлулық индустриясы саласында – 29 жоба, тігін бизнесі – 26, қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 15, компьютерлік және полиграфиялық қызметтер – шамамен 30 жоба, басқа бағыттар – 119 жоба», – деді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Олег Крук.

 Мысалға Аққулы ауылының тұрғыны Айжан Хасиетова жолдасымен бірге 2019 жылы Аққулы ауылында шағын фаст-фуд нүктесін ашты. 2020 жылдың жаз айларында отбасылық бизнес тоқтап қалды. Сол кезеңде Айжан Хасиетова «Бастау» жобасына қатысады. Содан кейін ол өз бизнесін өзгерту үшін қайтарымсыз грантқа құжаттар тапсырады және өз өнімдерін жеткізу қызметін жолға қоюға кіріседі.

 Екібастұз қаласынан келген «Бастау» жобасының тағы бір түлегі Бақыт Тәттенова қой өсіруді қолға алды.

«Мен бизнес-жоспар дайындап, қой өсіруге 2,5 млн теңге несие алдым. Қой етіне сұраныс пен баға өсіп келеді. Дұрыс қадамдар қажетті нәтижеге жеткізеді », – дейді Бақыт Тәттенова.

 Жеке үй шаруашылығын Көктөбе ауылының тұрғыны Нұргүл Сыздықбаева қолға алды. 2020 жылдың жазында «Бастау» жобасына оқып алған келіншек ірі қара өсіру бойынша бизнес-жоспар дайындап, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жеңілдікпен несие алды.

 Тереңкөл ауылының тұрғыны Арыслан Исенов 2020 жылы «Бастау» жобасымен оқып шығып, клининг қызметін көрсететін «Галактика ПВ» жеке кәсіпкерлігін ашты.

 «Біздің негізгі бағыт: дивандарды үйге барып тазалау, бөлмелерді кварцпен зарарсыздандыру, бугенератормен жиһазды дезинифекциялау. Енді қызметтерді Тереңкөл ауданы мен Павлодар қаласында толық көрсетеміз. Инстаграм парақша аштық. Мемлекеттік бағдарлама арқылы жеке кәсіп бастауға жағдай жасалды. Грантқа қажетті жабдық алдым», – деді кәсіпкер.

 Гүлфия Конопьянова онлайн режимде кәсіпкерлік негіздеріне оқуды аяқтады, бұл 2020 жылға арналған жаңартылған формат. Ол және оның күйеуі көптен бері өз идеяларын жүзеге асыруды армандаған.

«Жұбайының логистика саласындағы көпжылдық тәжірибесі, атап айтқанда, жүк тасымалдау қызметтерін ұсынуы бизнестегі бағытты таңдауға мүмкіндік берді. Жоба аясында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жеңілдетілген пайызбен КамАЗ жүк көлігі сатып алынды. Біздің жобаның мақсатты тобы – жергілікті тұрғындар, кәсіпорындар, шаруа қожалықтары », –деді Гүлфия Конопянова.

 Нұрәли Қасанов 33 жаста. Ол – жан-жақты адам, жоғары техникалық білімге ие, мақсатқа ұмтылу, зеректік, жаңа бағытта дамуға икемді. «Бастау» түлегі ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарға түйіршіктелген жем өндіруді бастау туралы шешім қабылдады.

Оқуды бітіріп, сертификат алғаннан кейін «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттарды бөлу байқауына қатыстым. Ол грант қаражатын дәрумен-шөп ұнының түйіршіктерін және жемшөп өндіруге арналған дәнді экструдер сатып алды.

 «Түйіршіктерді дайындау технологиясы оңай және келесі кезеңдерден құралады: шөп пен бидайды дайындау – кептіру – түйіршіктеу – суыту – қаптау. Бастапқыда орынжайды жалға аламыз. Жоба ең аз шығындармен ауылшаруашылық жануарларына ірі қара мен жас малға жем өндіруге мүмкіндік береді. Түйіршіктер бордақылауда малға керемет салмақ қосады. Дәруменді-шөптік ұнның және жемнің түйіршіктерін шығаратын шағын зауыт құру жоспарда бар», – деді Нұрәли Қасанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер