«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысында «Бизнес-мектептің» түлектері құны 210 млн теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырды

2021 жылғы 19 Қаңтар
- Павлодар облысы
5885 просмотров

«Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлік қызметті жүргізудің функционалды бағыттарын тегін оқуға мүмкіндік береді. Осы құралмен кәчіп жүргізуде тәжірибесі жоқ азаматтар, сондай-ақ кәсіпті енді қолға алған азаматтар пайдалана алады

2020 жылы «Бизнес-Мектепке» Павлодар облысынан 522 тұрғын қатысты. Бұл туралы Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Олег Крук айтты.

 «Бизнес-мектепте» оқу 10 жұмыс күнін құрайды. Оқу сәтті аяқталған болса оқуды аяқтағаны туралы сертификат беріледі. Осы құжат арқылы «БЖК-2025» бағдарламасы арқылы грант немесе жеңілдікпен несие алуға болады. 2020 жыл қиындау болды. Егер жыл басында оқуды офлайн режимінде аяқтауға болатын болса, бізде осындай 180 түлек бар, содан кейін жыл ішінде 342 тыңдаушы онлайн режимінде оқыды. Карантиндік шаралардан туындаған қиындықтарға қарамастан, «Бизнес-мектептің» 84 түлегі 210 миллионнан астам теңгенің жобаларын жүзеге асырды», –  дейді Олег Крук. 

«Бизнес-Мектеп» түлектері оқу аяқталғанға дейін бизнес-жобаны анықтап алады. Сондықтан ары қарай бизнес-жоспарды дайындау науқаны жүреді, оны әзірлеуге КҚКО менеджерлері көмектеседі. Орталық Павлодар қаласы Луговая көшесі 16 орналасқан. «БЖК-2025» бағдарламасын қолданғандардың бірі – Елена Руди. Ол алынған грантқа өндірісті кеңейтіп, мүгедектігі бар балалар мен ересектерді оқытуға мүмкіндік алды.

Бизнес мектебінің түлегі трикотаж өндірісін «Самал» орталығы мен Павлодар облыстық «Мөлдір» мүмкіндігі шектеулі әйелдерді әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне тігуді үйретумен бірге орындап жүр.

 «Өндіріспен айналысу және сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі адамдарды соған үйрету идеясы кездейсоқ пайда болған жоқ. Бесінші жыл болды, мен Павлодар қаласының сауда үйлерінің бірінде бутик жалға аламын, біз тоқылған бұйымдар жасаймыз. Мен ұзақ уақыттан бері «Самал» оңалту орталығымен жұмыс істеймін, онда денсаулығына байланысты менің ұлым тәрбиеленуде. Енді Константин маған барлық істе көмектеседі, тігу мен тоқудың қыр-сырына қанығып жатыр. Мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды неге оқытпасқа деп шештім, өйткені бұл оларға әлеуметтік бейімделуге көмектеседі және табыс табуға мүмкіндік береді», – деді Елена Руди.

«Бизнес-мектептің» келесі түлегі – Дінмұхамед Нағуманов. Ол пәтерлерге жөндеу жүргізу қызметін бастаған. Жас кәсіпкер Семейден келген. Павлодарда құрылыс компаниялардың бірінде жұмыс істей келе ол жеке кәсіп ашуды ойлайды. Оқуға қатысып, бизнес-жоспар әзірледі, қажетті жабдық сатып алып, кәсіпті бастады.

  Гүлнар Бейісова облыс орталығында сауда орталықтың бірінде жұмыс істеген. «Бизнес-мектепте» оқыған соң келіншек жеке дүкен ашу шешімін іске асырды. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына бизнес-жоспар құруға көмек сұрадым. Талапкер кәсіпкер Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан жеңілдікпен қаржы алып, азық-түлік дүкенін ашты.

Бизнес мектебінің тағы бір түлегі өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту мектебін ашты.

«Бизнес-мектебінің» түлектері: аяқ киім және азық-түлік дүкендерін ашу, ерлер киімін шығаратын шеберхана, мал шаруашылығы, қызмет көрсету және басқалары сияқты жобаларды жүзеге асырды.

«Бизнес мектебінің қызметі, сондай-ақ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметтері ақысыз түрде ұсынылады. «БЖК-2025» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының құралдарына қатысты барлық сұрақтар бойынша сіз «Атамекен» Өңірлік палатасына хабарласуыңызға болады: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, байланыс телефоны: 8/7182/660311 (ішкі 511) хабарласуыңызға болады», – деп аяқтады Олег Крук.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер