Әйел кәсіпкерлігі: «Еңбек» бағдарламасымен кәсіп ашылды
Ас дайындауға деген қызығушылық Кәмшат Шайхенованы жеке кәсіп бастауға ынталандырды
«Жастайымнан тамақ әзірлеуді, ас үйде көмек көрсетуді жақсы көремін. Отбасымызда барлығы: анам, әжем бармағынан бал тамған аспаздар, дәмді ас әзірлеген. Сондықтан «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында оқу жобасына іріктеу жүріп жатқанын естіп, қандай бағытта жұмыс істейтінімді бірден шештім. 2020 жылдың жазында оқуға қатыстым, бизнес-жоспар дайындадым, комиссия бастамамды мақұлдады. Нәтижесінде кәсіп бастауға грант алып, мұздатқыш, нан илегіш, көкөніс кескіш, ет тұрағыш сатып алдым. Кәсіпті де бастап кеттім, қуаныштымын», – деді Кәмшат Шайхенова.
Үш бала тәрбиелеп отырған жас ана заманауи тұрмыс салтында жартылай дайын өнімдер өндірісіне сұраныс жоғары деп санайды. Сондықтан бастауыш кәсіпкер өнім сатып алушыны табады деген сенімде.
«Көп адамның бос уақыты жоқ, ал фаст-фуд пайдалы бола бермейді. Ал манты, тұшпара, котлет дайындау бойынша бизнес тиімді дамып келеді. Тұрмыс құрғанға дейін мектепте бухгалтер болдым. Осы мамандық кәсіпте кәдіге асады», – деді «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы.
Кәсіпкер «Еңбек» бағдарламасымен «аспаз-кондитер» мамандығын оқып шықты. Алғашқы өнімнің дәмін туыс-жақындар татты. Қазір өнімді дүкендерге өткізу жүріп жатыр. Кәмшат Шайхенова өзі жұмыс істеп жатқанда жеткізуге жолдасы көмектесіп жүр.
Палодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Олег Крук палатада оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімі құрылғанын айтты.
«ҚР ҰКП тізіліміне Павлодар облысының 45 оқу орны енгізілген. Соның ішінде 10 оқу орны кәсіпорын жанында жұмыс істейді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқу 2020 жылы 447 тыңдаушы аяқтады, соның ішінде 415 адам еңбекпен қамтылды. «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандары дайындалуда. Сонымен қатар, бірінші бағыт шеңберінде жұмыс берушілердің сұранысы бойынша және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілік пен дағдыларды, сондай-ақ «Серпін» жобасы аясында кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және қысқартылған жұмысшыларды қоса алғанда, еңбек шарты бойынша қызметкерлерге кәсіптік оқыту жүргізіледі. «Еңбек» бағдарламасымен оқуға қатысу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінім бере алады.Бағдарламаға қатысушылар оқуды ойдағыдай аяқтағаны және бизнес-жоспар дайындағаны туралы сертификатпен өз кәсібін бастауы мүмкін. Бизнес-жоспарды дайындау және басқа да қолдау шаралары туралы кеңес алу үшін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына мына мекенжай бойынша: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16 немесе Павлодар облысының қалалары мен аудандарындағы Кәсіпкерлер палатасының филиалдарында хабарласуға болады», – деді Олег Крук.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: