Полицейлердің заңсыз әрекеттері бизнеске кедергі
Павлодарда үй жанындағы дүкендердің иелері карантиндік шаралардан шығын көріп оытрғаны аздай, бұған қоса өз әрекеттерін асыра пайдаланатын полицейлерден қорғану үшін қымбат бейнекамераларды сатып алуға мәжбүр. Полицейлер ҚР Әкімшілік кодексінің 200-бабы бойынша кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартудың заңсыз әдістеріне жүгінеді.
«Жағдай ақылға қонымсыз», – дейді Павлодар облысы ӨКП директорының орынбасары Серік Әубәкіров, – полицияның кейбір қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін азайтады. Көрсеткіштерді қуалау немесе пайда табу мақсатында полиция қызметкерлері заңды өздері бұзады. Азаматтар полициядан қорғанбай, керісінше, полиция азаматтарды, кәсіпкерлерді қорғауы керек».
Осылайша бейнекамералардағы жазбалар арқылы сот отырысында кәсіпкердің кінәсіз екені дәлелденді.
«Бейнебақылау камерасы учаскелік инспектор өзінің жеке көлігінде «сатушыны» дүкен жанынан түсіріп, спирттік ішімдік сатып алуға жібереді де өзі сыртта күтеді. Нәтижесінде учаскелік инспектор кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттама толтырды және өз басшылығына «керемет» ашылған құқық бұзушылық туралы рапорт берді. Ал осы жағдайға қатысты соттың сұрағына полицей: «бұлай жасауға болмайтын ба еді?» деп жауап берген», – деді Серік Әубәкіров.
Алайда, өкінішке қарай, Павлодар облысында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабына қатысты олқылықтар бітпейді.
«Екібастұздық полицейлер одан әрі асып түсті. Олар кәсіпкер әйелге қатысты әкімшілік хаттама жасады, сотта іс бойынша «екі жалған сатып алушының» бірі белсенді полиция қызметкері болып шықты. Бұл жерде тіпті бұл полиция қызметкері өзіне міндеттелген «Ішкі істер органдары туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңдарын және ҚР Әдеп кодексін нашар біледі деп айтудың қажеті жоқ, бұл заңдар полицейді бұзушылыққа аранадату емес, құқық бұзуды анықтауға міндеттейді. Мен бұл заң бұзушылықтар полиция қызметкерлерінің жазасыздығы және заңды білмеуінің нәтижесі деп білемін», – деді Серік Әубәкіров.
Барлық дәйектерді зерттей келе, Павлодар облысы ӨКП сарапшылары ҚР Президентінің құқық қорғау жүйесін реформалау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін жауапкершілікті күшейту қажеттілігі туралы саясатын қолдайды.
«Құрметті кәсіпкерлер, алкоголь өнімдерін сатуда ҚР-дың қолданыстағы заңнамасын қатаң ұстануды сұраймыз. Яғни, сатып алушының жеке басын куәландыратын құжатты талап етіп, алкоголь өнімін сату уақытын қадағалау керек. Осы ретте учаскелік инспекторлар тарапынан бопсалау фактілері болса, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасына хабарлауды сұраймыз, мекенжайымыз: Павлодар облысы, Луговая көшесі 16, 302-кабинет, телефон: 66-03-11 (ішкі: 5502), телефон: 8 771 173 43 42», – деп қорытындылады Серік Әубакіров.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: