Железин ауылында «Бастау» дүкені ашылды
Сәуір айының басында Железин ауылында жаңа дүкен ашылды. Сауда нүктесін кәсіпті енді қолға алған кәсіпкер Виолетта Серікбаева ашты
Дүкенге «Бастау» атауы берілді, өйткені кәсіпкер «Бастау» жобасына қатысып, бизнес-идеясын іске асыра алды.
Пандемияға байланысты қиын жағдайға қарамастан кәсіпкер алға қойған мақсатына жетті. Әрине «Бастау» түлегіне жолдасы қолдау көрсетті, ал Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Железин аудандық филиалы тарапынан жобаға жан-жақты сүйемелдеу көрсетілді.
«Оқу аяқталған соң грант қаражатына жылқы сатып алдық. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жеңілдікпен несие алдық. Кейін 2020 жылы жолдасым екеуміз шағын азық-түлік дүкенін аштық. Елдегі ахуал мен карантинге қарамастан бизнес өрге дөңгелеп, дамыды. Қазіргі кезде 2021 жылы біз «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын қолданып, бизнесті кеңейтуге бел будық. Сәуір айының басында үлкен дүкен аштық, онда өнім ассортименті үлкен. Мемлекеттік бағдарламалар мен Палатаның қолдауы бізге кәсіп бастауда жақсы демеу болды», – деді Виолетта Серікбаева.
Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Железин аудандық филиалының директоры Айгүл Уәлиева 2020 жылы ауданның 72 тұрғыны «Бастау» жобасымен оқуға қатысқанын хабарлады. 47 тыңдаушы грант алған. Железин ауданында «Бастау» түлектері мал шаруашылғы, сұлулық салоны, дәнекерлеу қызметі, сауда салаларын қолға алған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: