«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қолөнер шебері мектеп оқушыларына шеберлік сабағын өткізді

2021 жылғы 04 Мамыр
- Павлодар облысы
6148 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары қонақ дәрістер циклын жалғастыруда, дәрістер барысында білікті кәсіпкерлер мектеп оқушыларына кәсіп бастап, табысқа жетудің қыр-сырын үйретеді. Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов мұндай қонақ дәрістер орта мектеп оқушылары үшін кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні аясында ұйымдастырылатынын айтты.

«Кәсіпкерлік негіздері курсы мектептің оқу бағдарламасына енгізілген, оны 10-11 сынып оқушылары элективті пән ретінде таңдап оқиды. Мектеп табалдырығынан бастап оқушылар кәсіпкерлік ойлауға машықтанады. Оқу кәсіпкерлік негіздері, бизнес-модельдеу, қаржылық сауаттылық, менеджмент және маркетинг бойынша базалық білім береді. Бұл ой-өрісін кеңейту үшін маңызды, балалар өмірлік маңызды дағдыларды игереді, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға практикалық база құрылады», – деп атап өтті Серік Сәдуақасов.

 Павлодар қаласының білім беру бөлімімен бірлесіп, 100-ден астам оқушыны қамтитын кезекті қонақ дәрісі өткізілді.

«Сұлтан» ЖШС директоры, Павлодар облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Виктория Сұлтанова бизнесті құру тәжірибесімен бөлісті. Кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары-2019» көрме-байқауының өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанған.

 Виктория Сұлтанова табиғи жартылай асыл тастардан әшекей жасайды, кәсіпкер Қазақстан қолөнер шеберлері одағының өңірлік өкілі.

Кездесу барысында балалар бизнес-тренер Гүлмира Баяндинамен бірге «Сұлтан» ЖШС кәсіпорнының мысалында «Ойлау дизайнына кіріспе» тақырыбын егжей-тегжейлі талқылады.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшісі Аида Сәлкен оқушыларға кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы айтып берді.

«Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы табысты кәсіпкерлермен қызықты кездесулер өткізіп, онда оқушылар танымал бизнесмендер және компаниялармен ашық диалогқа қатыса алады. Мұндай қарым-қатынас форматы уәждемені арттырады, сондай-ақ бизнесті жоспарлауда көптеген қателіктерді болдырмауға көмектеседі», – дейді Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Ажар Әбілғазина.

 Айта кетелік, Atameken Academy платформасында мектеп оқушылары және колледжд студенттеріне арналған «Ozgeris powered by Halyk Fund» онлайн бизнес-инкубатор жұмыс істейді. Жоба кәсіпкерлік дағдыларын үйренуге, алғашқы бизнес идеяны құруға және тексеруге көмектеседі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер