«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері кәсіпкерлерге 6 млрд теңгеден астам соманы сақтап қалуға көмектесті

2021 жылғы 12 Шілде
- Павлодар облысы
3692 просмотров

Биыл қаңтардан бастап «Атамекен» өңірлік палатасына кәсіпкерлерден бизнесті қорғау желісі бойынша 81 өтінім келіп түсті, олардың 34-і оң шешілді. Қорғалған мүліктік құқықтардың сомасы 6 млрд, 838 млн теңгені құрады.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы шығарылып, алдағы жұмыста басымдықтар белгіленді.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес – бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда негізгі орган екенін атап өтті.

«Өңірде Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі құрылғалы бері оны Нәбиев Нұрлан Абзалұлы басқарады – өңірде танымал тұлға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, Екібастұз және Ақсу қалаларының әкімі болып жұмыс істеді, «Атамекен» палатасынан партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, Қоғамдық кеңестің мүшесі. Кеңес мүшелерінің бай тәжірибесі, білімі мен біліктілігінің арқасында өңірде бизнесмендердің көптеген проблемалық мәселелерін оң шешуге мүмкіндік бар», – дейді Серік Сәдуақасов.

Кеңес құрамына 16 мүше: адвокат, заңерлер, мәслихат депутаттары, жұмыс істеп жатқан бизнесмендер және мемлекеттік органдардың басшылығы кірген.

 2021 жылы Кеңестің 6 отырысы өтті, онда 13 түйткілді мәселе қаралды.

Бірінші кезекте жер қатынастарына қатысты проблемалар (38,5%). Ары қарай мемлекеттік сатып алулар, салық салу, МЖӘ, рұқсат беру процедуралары көш бастап тұр.

Кеңес қызметіндегі кешенді жұмыс кәсіпкерлердің жұмысын шектейтін бірқатар жүйелі мәселені шешуге мүмкіндік берді.

Мысалы, Кеңесте салық төлеушілерге хабарлама шығару және әрі қарай салық органының хабарламасын орындамау туралы шешім шығарудың заңдылығы мәселесі көтерілді.

Жол картасына қол қою шеңберінде Павлодар қаласының прокуратуасы облыстық мемлекеттік кірістер басқармасының пилоттық жоба шеңбірінде хабарламалардың орындалмағанын тану туралы шешіміне наразылық енгізді.

Бұдан бөлек, жер қатынастары бойынша түйткілді мәселелерді шешудің оң мысалдары бар.

Кеңесте «Абетанов» шаруа қожалығының мәселесі облыс Прокуратурасының нұсқауы бойынша Шербақты ауданының жер қатынастары бөлімі шаруадан бұрын берілген жер телімін қайтарып беруді талап еткендіктен қаралды.

Жер кодексін бұзуға жергілікті атқарушы органның бұрынғы басшылығы жол бергендіктен, кеңес мүшелері «Абетанов» шаруа қожалығының халықтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында мал жаю үшін шаруашылықпен жалға алынған жерлерді өтеу туралы ұсынысын қолдады.

 Кеңес жұмысы шеңбернде тағы бір оң мысал: Кеңестің ұсынымы бойынша және Жер кодексінің бұзушылықтарын анықтаған Павлодар облысының қала құрылысы және жер бақылауы басқармасының тексеру нәтижелерін ескере отырып, жүктелген міндеттемелерді тиісінше орындамағаны және жер комиссиясының жұмысын тиісінше ұйымдастырмағаны үшін «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 «Құрметті кәсіпкерлер, егер құқықтарыңыз бен заңды мүддеңіз тапталса, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы құқықтарыңызды қорғауда жәрдемдесуге дайын», – деді Серік Сәдуақасов.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер