«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

2 тамыздан бастап Павлодарда көппәтерлі үйлердің басқарудың жаңа формасына өту бойынша пилоттық жоба іске қосылады

2021 жылғы 23 Шілде
- Павлодар облысы
6660 просмотров

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ZOOM режимінде тұрғын үй реформасы мәселелері қаралды

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы туралы жаңа заң күшіне енгенін айтты.

 «Жаңа заңға сәйкес 2022 жылға дейін көпқабатты үйлерде мүлік иелеріне басқарудың – мүлік иелерінің бірлестігі немесе қарапайым серіктестік сынды екі форманың бірін таңдау керек. Бұл басқару формалары тұрғындарға үйге дербес басқару жүргізуге мүмкіндік береді. Бүгін біз осы мәселе бойынша ағымдағы жағдайды талқылау үшін жиналдық. Қандай кедергілер мен проблемалық мәселелер бар, ортаға салайық», – деді Серік Сәдуақасов.

 Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Рашитов 1264 көппәтерлі тұрғын үйдің 9-ында мүлік иелерінің бірлестіктері және 30 көппәтерлі тұрғын үйде қарапайым серіктестіктер ұйымдастырылғанын айтты. Қазір кезде көппәтерлі үйлерді күтіп-ұстау қызметтері үшін ақы төлеу қарастырылған жоба бар.

 Осылайша, Павлодарда көпқабатты үйлерді күтіп-ұстауға ең төменгі тариф шаршы метрге 34 теңгені, ал ең жоғары сома – 58 теңгені құрауы мүмкін.

 Соңғы нүктені тұрғындар өздері қояды, олар меншік иелерінің жалпы жиналысында депутаттар бекіткен ең төменгі соманы негізге ала отырып, өздеріне қолайлы тарифті қабылдайды. Тариф сараланған болады. Есептеу әдісі көп қабатты ғимараттың салынған жылын, оның жағдайы мен қабатын ескереді. Үй неғұрлым үлкен болса, тариф соғұрлым жоғары болады.

 Мүлік иелері қауымдастығының директоры Манарбек Әбенов 2021 жылғы 2 тамыздан бастап Павлодар қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша пилоттық жоба басталатынын айтты.

Мүлік иелерінің қауымдастығы тұрғындарға мүлік иелерінің бірлестіктерін (ОСИ) құруға жәрдемдесетін болады.

«Біздің басым міндеттеріміздің қатарында үйлерге қызмет көрсететін сервистік компаниялар арасында бәсекелі нарық құру шарасы тұр», – деп атап өтті Манарбек Әбенов.

 Бұл ретте ірі пәтер иелерінің кооперативтеріне басқарушы компанияларға қайта құрылу  ұсынылды. «City Group» ЖШС атқарушы директоры Думан Тоқашев мүлік иелерінің бірлестіктерін құру тәжірибесі туралы айтып, сондай-ақ «Спутник ЖКХ» бағдарламасын таныстырды.

   «Кәсіпкерлердің назарын қазіргі кезде жаңа сервистік компаниялар құруға мүмкіндік барына аударғым келеді. Бұл нишаның әлеуеті зор», – деп қорытындылады Серік Сәдуақасов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер