«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысында Ashyq жобасының 24 лидері анықталды

2021 жылғы 04 Тамыз
- Павлодар облысы
4733 просмотров

Жоба лидерлерінің саны артып келеді, бұл өңірде Ashyq қосымшасының кәсіпкерлік субъектілері арасында белсенді қолданыс тапқанын көрсетеді. 

 Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов мәліметтерді 2 апталық жүктеп алу нәтижесі бойынша келушілерді тіркеу бойынша нәтижеге жеткен жоба лидерлері, сондай-ақ аутсайдерлер анықталатынын айтты. 

«11-25 шілде аралығында жүргізілген мәліметтерді жүктеп алу нәтижесінде жобаның лидерлері мен аутсайдерлері анықталды. Қазіргі кезде 24 қатысушы Ashyq жобасының лидерлері атанды. Алғашқы мәлімттер бойынша олардың саны 13 нысан, екінші жүктеуде – 16 нысан, үшінші жүктеуде – 21 нысан болды. Ashyq жобасының талаптарын қатаң орындаушылар саны артып, тіркеу (check-in) саны нөлдік көрсеткіштегі аутсайдерлер саны қысқарды. Деректерді алғашқы жүктеу нәтижесінде 26 қатысушы жобадан шығарылды, екінші жүктеуде – 14 қатысушы, үшіншісінде 11 қатысушы шығарылды», – деді Серік Сәдуақасов. 

«Ashyq» лидері» статусы  2 аптаға беріледі. 

«Ashyq» лидерлері» статусы берілген жобаға қатысушылардың тізімі облыс әкімдігінің сайтында жарияланады. Ал Ashyq жобасының аутсайдерлерімен мониторинг топтардың мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Серік Сәдуақасов Қазақстан Республикасының Бас санитар дәрігердің №33 қаулысына сәйкес «Ashyq» лидерлері» статусын берудің белгілі бір критерийлері барын атап өтті.

Мәселен, облыстық маңызы бар қалаларда қоғамдық тамақтану нысандары, караоке, компьютерлік клубтар, лотерея клубтары, спорт кешендері, сауналар, фитнес-орталықтар, бассейндер, театрлар, филармониялар, концерт залдары, кинотеатрлар, көрмелер, туристік тасымалдау, океанариум, балалар ойын-сауық орталықтары (жабық), цирктер Ashyq лидерлігін алу үшін 2 апта ішінде 1000-нан аса тіркеу, аудан орталықтары және басқа да елді мекендердегі осы нысандар 500-ден астам тіркеу жүргізуі керек. 

Ал облыс орталықтары және облыстық маңызы бар қалалардағы бильярд және боулинг клубтары, СПА-орталықтар, қонақ үйлер, қонақ 2 аптада 500-ден астам тіркеу жүргізген кезде, аудан орталықтары мен басқа елді мекендердегі  осы нысандар 150-ден астам тіркеу жүргізген кезде Ashyq лидердері қатарына кіре алады. Ал қалалардағы сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері (азық-түліктік емес), базарлар 2 аптада 25 000-ден астам тіркеу, аудан орталықтары және басқа да елді мекендердегі осы нысандар 10 000-нан астам тіркеу жүргізуі тиіс.  

Жобаға қосылуға қатысты барлық ақпаратты  Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына және оның моноқалалар мен аудандардағы филиалдарына жүгіну арқылы ала алады. ӨКП байланыс орталығы: 8/7182/ 66 03 11 ішкі:5502, 5510, ұялы: 8 771 173 43 42, 8 777 317 99 99


Еншілес ұйымдар

Серіктестер