«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарда «Бастау» түлектері «Атамекен-Павлодар» МҚҰ арқылы жылдық 6%-бен несие ала алады

2021 жылғы 06 Тамыз
- Павлодар облысы
13402 просмотров

«Бастау» жобасының өткен жылдардың және биылғы жылдың түлектері «Атамекен-Павлодар» микроқаржы ұйымы арқылы несие ала алады.

 «Биыл Павлодар облысының 1 мыңнан астам тұрғыны «Бастау» жобасы бойынша оқу курсына қатысты. Қазіргі кезде оқудың 4-легі аяқталуға жақын. Оған 203 тыңдаушы қатысты. 2017-2020 жылдар аралығында өңірде «Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін 7861 адам оқыды. «Бастау» түлектерін кәсіп бастауға жылдың 6-бен несие алуға шақырамыз. Несиені кез келген саладағы бизнеске алуға болады», – деді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

 Микронесие 5 жылға дейінгі мерзімге, мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

2021 жылға ауылдық жерлер үшін займның ең жоғары сомасы 7,2 млн теңге, қалалар мен моноқалалар үшін 18,9 млн теңгеге дейін. Осы ретте әлеуетті қарыз алушылар МҚҰ тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, өзінің берешектерін қайта қаржыландыруға, жылжымайтын тұрғын үй, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға несие бермейтінін ескерген жөн.

«Атамекен-Пафлодар» МҚҰ Павлодар облысы, Луговая көшесі 16 мекенжайында орналасқан.

Телефон:  8/7182/ 65-33-50, 65-61-81, моб: +7 775 889 52 52.
Биыл «Бастау» түлектерін қаржыландыруға Павлодар облысына 1 млрд теңге бөлінген.

 «Егер несие алушы ауылдық жер немесе моноқалада тұрса, оған несие рәсімдеу үшін облыс орталығына барудың қажеті жоқ. Өтінімді Павлодар ӨКП филиалдарына беруге болады. Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері бизнес-жоспарды дайындауға және қажетті құжаттарды жинауға көмектеседі», – деді Серік Сәдуақасов.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер