«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Даулы мәселені сотқа дейін шешу ұсынылды

2021 жылғы 19 Тамыз
- Павлодар облысы
9765 просмотров

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жобалаушы фирма мен орта білім беру мектебі арасындағы дау талқыға салынған басты тақырып  «Респект» ЖШС және №11 орта мектептің басшылығына келіссөздер жүргізіп, дауды сотқа жеткізбей шешіп көру ұсынылды. 

«2020 жылдың маусымында «Респект» ЖШС және №11 орта мектеп арасында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалды. Фирма 6 жоба әзірлеуге міндеттенді. Келісімшарт деректері бойынша жобалық-іздестіру жұмыстарын орындау үшін бастапқы деректер ретінде тапсырыс беруші ақтау актісі, техникалық сипаттама, мектеп ғимаратын техникалық зерттеу қорытындысын ұсынған. Келісімшарттың бірі бойынша жобалауға қосымша тапсырыс берген. Келісімшартқа сәйкес жұмыс уақтылы орындалып, тапсырыс беруші тарапынан қабылданды», – деп хабарлады кеңес мүшесі, кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі бөлім бастығы Мүбәрак Жақыпов. 

 Алайда биыл Мемсараптама жобалаушы әзірлеген жобалау-сметалық құжаттамаға теріс қорытынды шығарды. Өз кезегінде «Респект» ЖШС мектеп басшылығы жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасынан өту үшін қадағалау органына түпкі деректерден бөлек қосымша құжат ұсынғанын анықтаған. Бұл құжаттар жобаны әзірлеу кезеңінде жобалаушыларға берілмеген. 

«Тапсырыс беруші кәсіпкерден жобаны жетілдіріп, олқы жерін реттеуді, кейін сараптамадан өз қаражаты есебінен қайта өтуді талап еткен. Бұл ретте біз сараптаманың теріс нәтижесі жобалау кезінде жіберілген қателерге қатысты емес деп санаймыз. Бұл жобалау кезінде берілген құжаттаманың сараптамаға берілген құжаттамамен сәйкес келмеуі салдарынан орын алған жағдай», – деп атап өтті Мүбәрак Жақыпов. 

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Нәбиев: байқау жүргізбес бұрын тапсырыс беруші өз мақсаттары мен міндеттерін нақтылап алып, қажетті нәтижеге жету үшін сенімді бастапқы деректерді дайындауы тиіс екенін атап өтті. 

«Респект»  ЖШС жетекшісі фирма өз міндттерін келісімшартқа және бастапқы деректерге сәйкес орындағанына сенімді. Осыған байланысты қателерді түзеп, мемлекеттік сараптаманы өз қаражаты есебінен қайта өтуге қатысты талап  негізсіз. 

Компания өкілдері жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін бастапқы деректердің едәуір жаңаруын ескере отырып, мемелекеттік сараптаманың теріс қорытындысы қателерді түзету емес, мүлдем жаңа жобаларды әзірлеуге қатысты болуы мүмкін деген пікірде. 

Орта мектеп кәсіпкерді сотқа берді. Білім беру мекемесі фирмадан осыған дейін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге төленіп қойған 2,5 млн теңгені өтеуді талап еткен. Талқылау барысында кеңес мүшелері даулы ситуацияға бірнеше фактор әкелгеніне қатысты ортақ пікірге келді: құжаттарға бастапқы талдау жүргізілмеді, бастапқы деректер түзетілген. Соның салдары сараптама қорытындысы теріс шыққан.

Бұл позицияны қадағалау органының өкілі қолдады. Кеңес екі тарапқа келіссөздер жүргізіп, дауды сотқа жеткізбеу шешіп көруді ұсынды. Мәселе сотқа дейін жетсе, палата заңгерлері кәсіпкер құқығын сотта қорғайды. 

Биыл Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының заңгерлері бизнесмендер құқығын 6 млрд теңгеден астам сомаға қорғады. Палатаға бизнесті қорғау бойынша 81 өтініш келіп түсті, оның 34-і оң шешілді. Кәсіпкерлер өтінімдерінің басым бөлігі мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалар, сондай-ақ жер қатынастары, салық салу, әкімшілік құқық бұзушылық мәселелеріне қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер