«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлердің Павлодар өңірлік палатасына өтінішпен стритфуд өкілдері хабарласты 

2021 жылғы 09 Қыркүйек
- Павлодар облысы
8391 просмотров

Көшеде тамақтану пункттері 22.00-ге дейін емес, дәмханалар мен мейрамханалардағыдай түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат етуді сұрап отыр. 

Кәсіпкерлердің Павлодар өңірлік палатасы «Ertis – adaldyq alany» жобалық кеңсесімен бірлесіп, шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен онлайн отырысын өткізді. Аталмыш дөңгелек үстел жұмысына санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті де қатысты. 

«Бизнес нысандарын «Ashyq» жобасына адал қатысуды шақырғымыз келеді. Әр қызметкер, әр келуші кіре бергенде, оларды QR-код арқылы сканерлеуден өткізу қажет. Бұл жергілікті атқару органдары мен санитариялық-эпидемиялогиялық департаменті жылжытып отырған негізгі талап. Өзге жағдайда, бизнес әлі күнге дейін өз қызметін жүргізе алмас еді. Осыған бизнес нысандарын түсінушілікпен қарауды өтінеміз», - дейді Кәсіпкерлер палатасы бөлімінің басшысы Мүбәрак Жакупов. 

Осы кездесу бастамашысы және модераторы, «Ertis – аdaldyq аlańy» жобалық кеңсесінің және «Ел үшін егiлемiн» облыстық штабының жетекшісі Ризабек Исабеков кәсіпкерлерді ең бірінші кезекте тұрғындар денсаулықтарының, сонымен бірге COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу маңыздылығы туралы ойлауға шақырды. «Ashyq» жүйесін құрудың бастапқы мақсаты да сол. 

Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнәр Ақылбекованың айтуынша, бизнес субъектілерінде карантиндік шаралардың сақталуын мониторингтік топтар жүзеге асырады. Олармен 2045 нысан қамтылған. 

«Ashyq» жобасы қатысушыларының арасында 69 нысанға шектеу шараларын бұзу орнатылып отыр. Олардың арасында: Павлодар қаласында (45 нысан), Екібастұз қаласында (22) және Ақсуда (2 нысан). 
«Ashyq» жобасының қатысушылары өздерінің 356 нысанында сары немесе қызыл статусқа ие 1523 адамды кіргізбеген. 

Қоғамдық тамақтану компанияларының мүддесін қорғаушы заңгер және медиатор Ольга Кондратюк өтінішпен хабарласты. 

««Ashyq» бағдарламасы туралы №37 қаулыға сәйкес, стритфуд пункттері қоғамдық тамақтанудың басқа түрлеріне қарағанда, тек 22.00-ге дейін жұмыс жүргізе алады. Ал жұмыс көлемі мен түсім болса, түнгі оннан бастап түн ортасына дейін түсетіні белгілі.

Сол себепте де, қазір олар шығынға батуда. Осыған байланысты көше тамағымен айналысатын нысандардың 37-ші қаулыға сәйкес емес, қоғамдық тамақтанудың барлық нысандары үшін түнгі он екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат беретін павлодарлық санитарялық дәрігердің қаулысы негізінде жұмыс істеуге рұқсат етуді сұрап отыр.

Басқа жағдайда стритфуд өкілдерін де «Ashyq» бағдарламасына енгізу ұсынысымен Денсаулық сақтау министрлігіне шығуға мәжбүр боламыз», - дейді Ольга Кондратюк.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер