Павлодар өңірлік палатасында әйелдер бизнесін дамытуға қатысты сұрақтар талқыланды
Өңіріміздің кәсіпкері облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметовке бірқатар ұсыныспен хабарласты. Ұсыныстар Павлодар өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен дөңгелек үстел барысында жасалды.
Отырыс жұмысын өңір басшысының орынбасары Сәкен Шаяхметов өткізді. Оның айтуынша, мемлекеттік билік органдарының мақсаты - бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар туғызу, қаржы және қаржылық емес қолдау көрсету, кәсіпкерлер үшін әкімшілік тосқауылдарды қысқарту.
"Заманауи қоғамда кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер қауымы қызметінің рөлі орасан зор. Кәсіпкер әйел жаңа философия және өмір ұстанымының иесі болып табылады. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту шағын және орта бизнес үлесін арттыру үшін маңызды әлемдік трендтердің және драйверлердің бірі болып табылады. Өңір экономикасындағы әйелдердің белсенді рөлі шағын және орта бизнес көрсеткіштерімен расталады.
Шаяхметов мырзаның сөзінше, бүгінгі күні облыс бойынша тіркелген ШОБ нысандарының 44,4 %-ы (шамамен 52 000) әйелдерге тиесілі болып отыр. Олардың үлесі жыл сайын артып келеді. Әйелдер қамтылған салаларға келсек, көтермелеп және жекелеп сатуда 11 136, қызметтерде 3 097, білім беруде 1 468, агроөнеркәсіп кешенінде 1 457 нысан тіркелген.
Осы сала өкілдері кредит алу машақаттарына шағымданды: кредит алғылары келетіндер құжаттарды жинауға жіберіледі. Бұған кем дегенде екі айға жуық мерзім қажет. Қайтып келгенде, ақша жоқ болып шығады. Отырыс барысында сұранысқа ие бизнес салаларын анықтауға бағытталған әлеуметтік сауалнаманы жүргізу ұсынылды.
Әйелдер қауымымен көтерілген тағы бір сұрақ - сенімді деген кәсіпкер әйелдерге кепілсіз кредит беру. Себебі бұл бизнесті дамыту түгіл, істі ашуға да кедергі екені белгілі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: