Павлодар облысында шамамен 9240 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінің оқуларынан өтті
Павлодар облысында 5 жылдың ішінде Өңірлік палатамен жүзеге асырылып жатқан «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2043 адам өз бизнесін ашқан.
Қазақстанда осы жоба бойынша кәсіпкерлік негіздеріне бағытталған оқуларды Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруда.
Аталмыш кампанияның мақсаты – кәсіпкерлік бастамасы бар жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды оқыту, бұдан соң болашағы мол жобаларды қаржыландыру.
2017-2021жж. Павлодар өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнес негіздеріне 9 238 адамды оқытқан. Олардың ішіндегі 1364 түлек 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақысыз гранттарға ие болса, тағы 679 қатысушы жеңілдік несиелерін алған.
«Бастау Бизнес» жобасы арқасында жаңа көріне бастаған кәсіпкерлер 2 043 кәсіпкерлік нысанын ашып, 2 078 жаңа жұмыс орнын құрған.
Іске қосылған он жобаның төртеуі ет өндіру саласында, үштен бір бөлігі – сүт, қымыз, сүзбе, май, құрт сияқты басқа да сүт өнімдері, төрттен бір бөлігі – қызмет көрсету және сауда салалары: балалардың дамыту орталықтары, тігін ісі, полиграфиялық, құрылыс, шағын маркеттер, интернет-дүкендер салаларында жүзеге асырылған.
Қатысушылардың 4%-ы өз орнын маусымдық және көпжылғы дақылдар, гүл, жеміс-жидек, саңырауқұлақ егу және жем өндірісінде тапқан.
Жоғарыда атап көрсетілген бизнесін сәтті жүргізіп отырған бірқатар кәсіпкерлерді естіп те жүрміз.
Павлодар облысының Май ауданына қарасты Көктөбе ауылының кәсіпкері Маржан Сүлейменова «Еңбек» бағдарламасы бойынша алған грант қаражатына ет және еттен жартылай дайын өнімдеріне арналған жабдықты иеленген.
Жаңа ашылған өндірістің арқасында екі тұрақты жұмыс орнын ашып, салықтар мен міндетті әлеуметтік төлемдерді төлеп отырады.
Ақтоғай ауданының тұрғыны Нариман Қыпшақбаев 2021 жылдың екінші ағынында «Бастау» жобасы бойынша біліктілігін арттырып, жылыжай шаруашылығын ашқан.
Үй жанындағы меншікті телімде жылыжай ашу 200 АЕК теңелетін грант пен өз қаражаты арқасында мүмкіндік болып отырса керек.
2020 жылғы «Бастау» жобасының түлегі, көп балалы Жанай Ошал, онлайн-форматта оқып, дәл осындай грантқа тігуге арналған технологиялық жабдық сатып алған. Аққулы ауданының Жамбыл ауылында Жанай Ошал ұлттық бұйымдарды тігумен айналысады.
2021 жылы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған бизнес негіздері бойынша 1375 адам білім алып шыққан. «Еңбек» бағдарламасы бойынша өңірде 200 АЕК дейінгі 825 грант берілсе, олардың ішінде 548-і «Бастау» жобасының қатысушыларына тиесілі.
Ауыл шаруашылық саласын қаржылай қолдау қоры арқылы 324,8 миллион теңге сомасына 99 жоба, ал Агрокредиттік корпорация арқылы 16 млн. теңгеге 3 жоба қаржыландырылған.
«Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Бастау Бизнес» жобасының 6 түлегіне бизнес бастамаларын жүзеге асыруға 5 млн. теңгеге дейін ақысыз гранттар бұйырған.
Олардың ішінде: Павлодар қ. «Томатис» жабдығымен сөйлеуді түзету жөніндегі кабинет, оңалту орталығына арналған жаттықтырғыштар, аутизмге ұшыраған балаларға арналған оқулықтар, Май ауданында шағын тракторлар өндірісі, Екібастұз қ. кондитерлік өнімдер, Баянауыл а. жүн өндеу жобалары бар.
Жаңа көріне бастаған кәсіпкерлерге Өңірлік палата тұрақты түрде кеңес беріп отырады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: