«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысында бастаулықтарға "Atameken Aktobe" шағын несие ұйымы арқылы алғашқы несие берілді

2021 жылғы 27 Қазан
- Ақтөбе облысы
8834 просмотров

Жұмыспен қамту жол картасы бойынша бес адам жеңілдетілген несие алды. Берілген несиелердің жалпы сомасы шамамен 30 млн теңгені құрайды. Барлық несие алушы – "Бастау Бизнес" жобасының түлектері.

Бірінші болып 6% жылдық жеңілдікпен несие алғандар қатарында Қобда ауданының жеке кәсіпкері Тәттібек Әмірғалиев бар. Өткен жылы ол "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздері курсынан өтті. Жобаның сәтті аяқталғаны туралы сертификат кәсіпкерге көлемді әрі жеңілдетілген қаржы алу үшін қажет болды.

"Мен бұрыннан өнеркәсіптік көлемде құлпынай өсіруді жоспарладым. Қаржыландырудың тиімді шарттары бар микроқаржы ұйымының ашылуы ісін жаңа бастаған кәсіпкерге үлкен көмек болды. Маңызды сәт – бұл құжаттардың ең аз пакеті және МҚҰ кеңесшілерінің сүйемелдеуі. Бұл біздің тығыз жұмыс режимімізде өте ыңғайлы және тиімді. Өтініш берген сәттен бастап бір ай ішінде біз 7,2 млн теңге көлемінде несиеге мақұлдау алдық. Қаржыландыру келіп түсті. Енді Қобда ауданының орталығында жылыжай салу үшін қажетті жабдықтар мен материалдар сатып алуға кірісеміз",  – деді жеке кәсіпкер Тәттібек Әмірғалиев.

Ірі қара мал сатып алуға 6,3 млн теңге несие тағы да бір Қобда ауданының тұрғыны Амангелді Қазымбетов ("Амангелді" ЖК) алды.

Микроқаржы ұйымы есебінен қаржыландырылған тағы екі жоба – Мәртөк ауданынан. Олар – ірі қара мал өсіруді жоспарлап отырған "Гильманова Г. Н." ЖК басшысы және жүк тасымалдаумен айналысу үшін Газель көлігін сатып алуға шамамен 6 млн теңге мақұлданған Берік Ыбраймов.

Ақтөбе қаласы бойынша 8 млн теңге жеңілдетілген несие "Хожакова Даулет Балтаевна" ЖК шотына аударылды.

"Мен 60 жастамын, бірақ бұл биыл "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға кедергі болмады. Құрайлы кентінде отбасыммен түйе өсіріп, оның шұбатын сатамыз. Сусынның емдік қасиеті жоғары, сондықтан оны жергілікті тұрғындар көп тұтынады. Аулада 5-6 түйе бар. Енді тағы он шақты бас сатып алғымыз келеді. Мен МҚҰ-ға жүгіндім, мұнда олар кеңес беріп, құжаттар жинауға көмектесті. Комиссия қарағаннан кейін бізге қаражат мақұлданып, берілді", – дейді Дәулет Хожакова.

Бастаулықтардың жобаларын қаржыландыруға республика бойынша 22,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде қыркүйекте Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Ақтөбе облысына 1,3 млрд теңге бөлінді.

"Мемлекеттік қолдау шаралары өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Ең алдымен, бизнесте алғашқы қадамдар жасайтындарға жағдай жасалады. Микроқаржы ұйымы пайда табуды мақсат етпейді. Тек қана бастаулықтарды қаржыландырумен барынша қамту көрсеткіштеріне қол жеткізу, олардың жобаларын іске асыруға жәрдемдеседі. Палата кеңесшілері, МҚҰ қызметкерлері және бизнес-тренерлер арасында құрылған тізбек пен жолға қойылған жұмыс – бұл қаражаттың жоғары қайтарымдылығы және іске асырылған жобалардың сәттілігі пайдасына салмақты дәлелдер. Біз ЖК немесе ЖШС ашуға көмектесеміз, оған қоса Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы бизнес-жоспар әзірлейміз, маркетингтік талдау жүргіземіз, бизнесті ілгерілетуге көмектесеміз", – деп атап өтті Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасова.

"Atameken Aktobe" МҚҰ-ның 2021 жылдың сәуірінде Ақтөбе облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасы және өңірлік әкімдік жанынан құрылған. Микроқаржы ұйымын құрудың мақсаты – "Бастау Бизнес" жобасының түлектерін жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету. Микронесие беру Үкіметтің 2021 жылғы 4 маусымдағы №382 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Бүгінде микроқаржы ұйымының жұмысында жалпы сомасы 910 млн теңгеден асатын 175 өтінім бар.

"Микроқаржы ұйымы өзінің бизнес-жоспарларын табысты қорғаған "Бастау Бизнес" жобасының түлектеріне кәсіпкерлік қызметтің барлық түрін дамытуға несие береді. 2021 жылы ауыл және шағын қала тұрғындары үшін несиелердың ең жоғары мөлшері 7,2 млн теңгені, қала тұрғындары үшін – 18,9 млн теңгені құрайды. Негізгі несиены төлеудің жеңілдікті кезеңі – 12 айға дейін, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%. Кредиттеу мерзімі 5 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру 36 айға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін. Біз субсидиялар мен басқа да қосымша құралдарды пайдаланбаймыз, өйткені олар қарыз алушылар үшін белгілі бір тәуекелдерді көтеруі мүмкін. Сондай-ақ, ешқандай комиссия алмаймыз. Кепілдік мүлікті бағалауды тәуелсіз бағалаушылар жүргізеді, ал жобаларға микронесие беру бойынша шешімдерді МҚҰ Кредит комитеті қабылдайды", – дейді "Atameken Aktobe" МҚҰ директоры Нұрлан Серікжан.

Алайда, МҚҰ жеке тұрғын үй құрылысы мен жылжымайтын мүлік үшін жер учаскелерін сатып алу, кредиттік берешекті қайта қаржыландыру, бар несиелерді өтеу, сондай-ақ тұтынушылық мақсаттар бойынша жобаларды қаржыландырмайды.

Несиеге өтінім беру үшін ауылдық жерлердің тұрғындары Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына "Бастау" жобасын сүйемелдеу жөніндегі кеңесшілерге жүгіне алады.

"Atameken Aktobe" МҚҰ облыс орталығында Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 22К, "Қазына" БО, 1-і қабатында орналасқан.

Несиелендіруге қатысты барлық сұрақ бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7132) 744-616 (ішкі.1551), 744-607 (іш. 1549).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер