«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысының кәсіпкерлері бизнес-омбудсменге салық салудағы проблемалық мәселелер жөнінде айтты

2022 жылғы 11 Мамыр
- Ақтөбе облысы
7999 просмотров

«Атамекеннің» Өңірлік палатасы алаңында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов кәсіпкерлерді жеке қабылдады. 

Омбудсмен осындай диалог алаңдарын құрудан бизнес өз проблемаларын шешу барысында қолдауды сезінетінін айтып өтті. Бүгінгі таңда Кәсіпкерлер палатасы бизнес өтінішіне құлақ асатын орынға айналды. Мұндай форматтар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда тиімді құралдарға айналуда.

Бұған гүл дүкенінің иесі Оксана Демчуктің көзі жетті, ол өз бизнесін қорғауға көмектесуді сұрайды. ЖК «Демчук» тұрғын үйден жер учаскесін жалға алған, 30 млн. теңге қаржы жұмсап, құрылыс салып, нысанды кеңейтуді жоспарлаған. Бұл үйдің қабырғасына 2002 жылы ғалым Нағашыбай Шайкеновтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылған болатын. Құрылыс барысында кәсіпкер бұл тақтаны орнынан сәл қозғау үшін рұқсат алуға тырысты, бірақ тақта мемлекеттік органдардың балансында болмай шықты. Ешкім оған рұқсат та берген жоқ, тыйым да салған жоқ.  Бірақ кәсіпкер құрылыс жұмыстарын аяқтап қалған кезде Н. Шайкеновтың қоғамдық қоры мен Ақтөбе қаласының сәулет бөлімі оны сотқа берді. Олар Оксана Демчуктың тақтаны демонтаж жасауға және оның орнын ауыстыруға құқығы жоқ деп есептейді.

«Сот шешімін орындау үшін және тақтаны орнына іліп қою үшін кеңейтімді өз қаражатымызды жұмсап бұздыруға тура келеді. Сондай-ақ қор басшысы іскер әйелге екі қабатты мұражай салуды ұсынды. Мен әлі үмітімді үзген жоқпын, сіздерден көмек сұраймын. Бұл жағдайда барлық тараптар үшін тиімді шешім қабылдауға болады, яғни тақтаны басқа көрнекті орынға ауыстырып ілсе, біз айналамызды абаттандыруға дайынбыз. Біз бизнесімізді сақтап қаламыз және ғалымның құрметіне ілінген тақта да зардап шекпейді», - дейді ЖК өкілі.

Рустам Жүрсіновтің пікірінше бұл тосын жағдай және осы мәселені шешуге өзі араласуға ниет білдірді. ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Жоғарғы Соттың және Бас прокурордың атына осы мәселе бойынша заңды және негізделген шешім қабылдай отырып, істің мән-жайын объективті және жан-жақты зерделеу туралы өтінішхат жіберетін болып шешті.

Ақтөбе облысы Заң консультанттары палатасының мүшесі Ренат Иманалин Ақтөбе бизнесінің салық салу мәселелеріндегі проблемалық мәселелері туралы айтып берді. Проблемалардың бірі өз паркін жаңарту мақсатында ҚР аумағына көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған көлік қызметтерімен айналысатын жеке кәсіпкерлерге хабарламаларды заңсыз ұсынумен байланысты. Осы хабарламалардың мәні жеке кәсіпкерлердің «Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңының 57-4-бабы бойынша бюджетке салық төлеуден босату таралмайтын сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруы болып табылады. Іс жүзінде осы Заңмен де, салық және кеден кодекстерімен де сыртқы экономикалық қызмет деп түсінілетін ұғым енгізілген жоқ. Бұдан басқа, дәл осы жеке кәсіпкерлерге қайталап хабарлама жіберілген, салық салу қағидаттары бойынша бір кезең ішінде бір салық салу объектісіне, бір мәселе бойынша салық салуға жол берілмейді.

«Қаржы министрлігіне 54-ші баптың шеңберінде нақты қандай қызмет сыртқы экономикалық қызмет болып табылатыны туралы нақты түсінік беру туралы өтініш дайындалатын болады. Бұл өнімді сатып алу-сату, импорттау немесе экспорттау бойынша жүйелі экспорттық-импорттық операциялар болуға тиіс, дегенмен негізгі құралдарды сатып алу сыртқы экономикалық қызметке жатпайды. Мұндай фактілер бұдан былай орын алмауы үшін бүкіл республика бойынша түсініктеме беру керек. Олар өз клиенттеріне қиындық туындатып отыр ғой. Бұлай жасауға бола ма? Президент босату туралы Заңға қол қойды. Олар Президенттің тапсырмасын орныдаудан бас тартып отырғаны ма? Аталмыш қызметтің ішкі тексерісін ұйымдастыру үшін барлық фактілер жинақталып Қаржы министрлігіне жіберіледі», - деді бизнес-омбудсмен.

Қабылдауда сондай-ақ өңірлердегі дизель отынын сату бағасының әр түрлі болуы, АӨК-де қарыздарды сақтандыру, сондай-ақ балалардың жекелеген санаттары үшін мектепте тегін тамақтандыру құнын ұлғайту және т. б. мәселелер айтылды.

 Кәсіпкерлердің барлық өтініштерін тыңдаған Рустам Жүрсінов барлық айтылған мәселелерді шешуге барынша күш салатынын және белсенді көмек көрсететінін мәлімдеді. Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы бірқатар мәселені бақылауға алды және олар жергілікті деңгейде пысықталатын болады.

Түстен кейін Уәкіл облыстық соттың төрағасы Асламбек Мерғалиевпен, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Нұрлан Шабдар және облыстық МКД басшысы Аманжол Жақановпен, сондай-ақ облыс прокуроры Марат Қайыбжановпен кездесті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер