Павлодарлық «Атамекен»: Етті мал өсірумен айналысатын шаруар қолдау сұрайды
Павлодар облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында малшыларды қолдау мәселелері жөнінде кездесу өтті.
Палата директоры Серік Сәдуақасов өңір әкімінің орынбасары Мейрам Өтешовтың қатысуымен кеңес өткізді.
«Былтырғы жағдай негізінен шағын және орта фермерлер тарапынан алаңдаушылық тудырғандықтан біз субсидия көлемін өткен жылдың деңгейінде қалдыруды сұраймыз», – деп атап өтті М.Өтешов.
Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов 2021 жылы кәсіпті енді қолға алған серіктестерге жем-шөпті дайындауға субсидия беріле бастағанын еске салды.
«Субсидия бөліне бастағаннан кейін өңірімізде фермерлік шаруашылықтардың саны көбейгенін қалаймыз. Аналық мал басы жылдан жылға өсуі керек. Осыған назар аудару қажет», - деді спикер.
«Агрофирма Ақжар Өндіріс» ЖШС басшысы Гүлзира Қазылова етті бағыттағы мал өсірушілер айтып отырған проблемаларды назардан тыс қалдырмауды өтінді.
«Баршаға тең құқық берілуі керек, – деп мәлімдеді Қанатбек Өзембаев («AGROEXPORT PAVLODAR» ЖШС). – Қазіргі кезде бюджет тапшылығы салдарынан біз жыл сайын қолдаудан қағыламыз. Былтыр шөптің бір орамы 12 000 теңге болды. МТЗ тракторы 8 млн болған, қазір оның құны 10 млн, бір айдан кейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-қа барсақ, техника бағасы 12 млн болған! Дизель отыны да, бәрі бәрі қымбаттаған. Етті мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар өтініші ескеріліп, бізге субсидия бөлсе деген тілегіміз бар».
Пікір қалдыру:
Пікірлер: