«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы жеке клиниканың ашылуына көмектесті

2022 жылғы 20 Шілде
- Павлодар облысы
6226 просмотров

Павлодар облысы «Атамекен» палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығындың мамандары ЖШС ашу және оны іске қосу, «ZHANclinic» клиникасының лицензиясын рәсімдеу және алу бойынша қызметтер көрсетті.
«Бұл клиникада созылмалы ауруларды емдеудің тиімді әдістері қолданылады», – дейді Павлодар кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.
Мұнда денсаулықты кардиохирургиялық және неврологиялық араласудан,  коронавирус инвекциясынан кейінгі денсаулықты қалпына келтіруге болады.
Емханада реабилитолог, терапевт, гинеколог, невропатолог, нефролог, эндокринолог, психолог, гастроэнтеролог және нутрициолог мамандары қызмет көрсетеді.
Мұнда бірқатар физио-процедуралар көрсетіледі: ультракүлгін сәулелендіру, соның ішінде жергілікті ультракүлгін сәулелендіру, гальванизация, электрофорез, магнитотерапия, магнитолазерлік терапия, лазермен емдеу, қанды көктамыр ішіне лазерлік сәулелендіру, ультрадыбыстық терапия, электростимуляция, импульсті тоқпен емдеу, дарсонвализация, соққы-толқынды терапия, пресс терапиясы, ультрофонофорез.
Толық ақпарат пен кеңес алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +77009604575, +77084667282, 8(7182)667282.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер