Павлодарлық «Атамекен» мен А.Жетібаеваның сұлулық мектебі шаш стилистеріне арналған курстар ұйымдастырды.
«Атамекен» өңірлік палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы мен Айнұр Жетібаеваның «Талант» сұлулық мектебінің ұйымдастыруымен Павлодарлық «Тиффани» сұлулық студиясында шаш стилистеріне арналған тегін курстар өтті.
«Кәсіпкерлер палатасымен қыздарды оқыту бойынша келісім-шарт жасап, бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. «Атамекен» маған өз бастамалары мен қалаулары бойынша Палатаға қабылданған бес студентті берді. Менің курстарымда олар теория мен практикадан өтіп, шаш үлгісін жасау дағдыларын пысықтады», - дейді Айнұр.
Курстарды аяқтағандар Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Айнұр Жетібаева сұлулық мектебінің «Талант» сертификатына ие болды.
Айнұр Жетібаева 18 жылдан астам тәжірибесі бар, 2000-нан астам шәкірт тәрбиелеген сұлулық стилисті.
«Ол Қазақстанның түкпір-түкпірінде осындай дағдыларды игеремін немесе жетілдіремін деушілерге сабақ береді. Айнұрдың шәкірттері үздік сұлулық салондарында жұмыс істейді», - деп толықтырды Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.
А.Жетібаеваның клиенттік базасы көп, сондықтан ол өзінің үздік түлектерін бірден сұлулық салондарына жұмысқа орналастырады; оның оқушылары жұмыссыз қалмайды, олар өздеріне және шаш стилистінің шеберлігі сияқты пайдалы бизнеске салынған инвестицияны ақтайды.
Айнұр алдағы уақытта Палатамен және оқушылармен жемісті ынтымақтастыққа сенеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: