«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» мен облыстық прокуратура кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін жұмыс тобын құрды

2022 жылғы 04 Тамыз
- Павлодар облысы
7012 просмотров

Павлодар облысында негізгі міндеттері- кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық қудалауға негізсіз тартудың себептері мен шарттарын талдау, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудағы кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін,  мемлекеттік органдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымданудағы қылмыстық, сот тәжірибесін, бақылау-қадағалау саласындағы тәжірибені талдау болып табылатын жұмыс тобы өз жұмысын бастады.

Сонымен қатар, жаңа жұмыс тобы мемлекеттің бизнеске араласуы, рейдерлік және кәсіпкерлердің басқа да мәселелері туралы өтініштерін қарастыра отырып, бизнестің жүйелі мәселелерін шешуі керек.

«Жұмыс тобы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен прокуратураның одан әрі өзара іс-қимылы туралы Қазақстан Президенті мен Республиканың Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында құрылды», - деді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

Топты Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев басқарады.

Оның құрамына облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік Әубәкіров, палатаның, прокуратураның қызметкерлері,  «Атамекен» жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес пен Палата жанындағы өңірлік кеңестің мүшелері, заңгер- кеңесшілер мен қорғаушылар кірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер