«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» палатасында облыс әкімінің атынан павлодарлық кәсіпкер әйелдер марапатталды

2022 жылғы 14 Қыркүйек
- Павлодар облысы
5318 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында жоғары әлеуметтік жауапкершілігімен көзге түсіп, қайырымдылықты дамытуға зор үлес қосып жүрген іскер әйелдермен кездесу өтті.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова олардың белсенді өмірлік ұстанымы, жұмыс орындарын ашу, халықты қажетті тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз еткені үшін алғысын білдірді.
Күні кеше бүкіл Қазақстан атап өткен Отбасы күніне орай, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жұмыс сапары аясында жақында өткен павлодарлық кәсіпкер әйелдердің тауарлар мен қызметтер көрсету көрмесіне сәтті қатысқаны үшін ол облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың атынан кәсіпкер әйелдерге алғыс хат табыс етті.
Оларды «Атамекен» ӨКП атынан Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Мүбәрәк Жақыпов пен Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әсия Закарьянова құттықтады.
«Атамекен» палатасы әйелдер бизнесін қолдауға ерекше көңіл бөледі. Мысалы, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды; онда үнемі жаңадан бастаған және тәжірибелі іскер әйелдерге бизнес негіздерін немесе жаңа дағдыларды үйрену тегін, дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер