Павлодарлық «Атамекенде» кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушілердің жауапкершілігін арттыруды ұсынды
Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік сатып алулардағы проблемаларға арналған кеңес өтті.
Жиынға Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ержан Қарымсақов қатысты.
Жиынға қатысушылар, яғни, облыстағы шағын және орта бизнес өкілдері бірқатар мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, олар көбінесе қызмет немесе өнімге тапсырыс беруші мемлекеттік мекемелер, жеке компания келісім-шартты орындағаннан кейін 30 күн өтсе де, өнімді жеткізу немесе жұмыс үшін төлемді жүргізбейді.
Оны қаржының жоқтығымен түсіндіреді.
Кәсіпкерлер бұл аргумент болуы мүмкін емес деп санайды және бұл жерде кәсіпкер өз қызметі немесе өнімнің сапасына қалай жауап берсе, тапсырыс беруші де солай жауапты болуы керек дейді.
Павлодарлық бизнес өкілдерінің айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік сатып алу порталында ашық бәсекелестік ортаға кедергі келтіруі мүмкін белгілі бір мердігер үшін «ұшталған» хабарландырулар мен лоттар жиі кездеседі.
Кәсіпкерлер көтерген мәселелер «Атамекен» ӨКП-да бақылауда.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: