Павлодарда «Атамекен» палатасы кәсіпкерлерді бизнес серіктестермен келіссөздер жүргізуге үйретті
Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында «Live Education» үздіксіз даму құзыретті орталығы «Әріптестік: үш кит және бір құпия, серіктес пен бизнесті қалай жоғалтпау керек?» семинарын өткізді.
Жеке кәсібін жаңа ашқан немесе енді ашқалы тұрған адамдармен тренер, білім беру бағдарламаларының авторы, кәсіпкер Серік Щеглов пен кәсіпқой заңгер-кеңесші және жұмыс істеп тұрған кәсіптің практик-материгі Максим Буш әңгімелесті.
Олардың міндеті семинарға келген кәсіпкерлерге кәсіпорынды жоғалту қаупін жою үшін бизнес серіктестерімен қалай келіссөздер жүргізуді үйрету болды.
М. Буштың клиенттері – заң, бухгалтерлік есеп, жылжымайтын мүлік секторлары, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудасы, алкогольді сусындарды өндіру және сату, HoReCa (қонақ үй және мейрамхана бизнесі, қоғамдық тамақтану), құрылыс (коммерциялық жылжымайтын мүлік), білім беру (ақылы балалар мектебі), сұлулық индустриясы (массаж салоны), жиһаз өндірісі компанияларының бизнес қауымдастығы, бизнес клубтары, моторлы қайық спортының өкілдері.
«Өкінішке орай, Қазақстанда бизнес-тренер кім екенін көрсететін стандарт жоқ. Осы салада бір нәрсе істей бастаған кез келген адам өзін бизнес-тренер деп атайды. Ондайлардан кім немен айналысады деп сұрай бастағанымда, бірі өмір бойы банкте және банк жүйесінің маманы болып жұмыс істесе, екіншісі асаба болып, жұртшылықтың көңілін тойда қалай көтеруді біледі екен»-деп, С. Щеглов семинарда көтерілген мәселелердің бірін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: