«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекенде» әскери бөлімдердің асханаларын жалға алушылардың мәселелері талқыланды

2022 жылғы 15 Қараша
- Павлодар облысы
5354 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында Павлодар гарнизоны әскери прокуратурасының өкілдерімен және Ұлттық ұланның 5512, 6679 әскери бөлімдеріндегі асханаларды жеке жалға алушылармен кездесу өтті.

Бұл бөліктердегі асханаларды жалға алған жеке кәсіпкерлердің басшылары оларға үнемі тексерістер келіп, жұмыстан алаңдататынын атап өтті. Тексерулерді әртүрлі органдар және тым жиі жүргізеді, бұл жұмысты қиындатады.

"Павлодарлық әскери прокуратура аталған бөлімшелер командирлерінің орынбасарларына қатысты өз аумағындағы жеке асханалардың жұмысына заңсыз тексерулер мен араласуға жол бермеу туралы шешім шығарды", - деді, Серік Әубәкіров, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары.

«Атамекен» ӨКП-на және кәсіпкерлердің өздеріне, әскери прокуратура мұндай жағдайларда дереу Павлодар гарнизонының әскери прокуратурасына хабарласуды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер