«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекеннің» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы бірнеше кәсіпкер әйелдерге құрал-жабдық алуға көмектесті

2022 жылғы 24 Қараша
- Павлодар облысы
6576 просмотров

Кәсіпкерлер Қадиша Оспанова, Мариям Бектемірова және олардың бизнестегі бірнеше әріптестері сатып алынатын жабдықты таңдауда қиындыққа тап болды: олар сол жабдықтардың жеткізушілерін таба алмады.

Кәсіпкер әйелдерге өнеркәсіптік тігін машиналары, оверлогтар және балалар киімін өндіру үшін, сондай-ақ сұлулық және полиграфия саласында қызмет көрсету үшін басқа да жабдықтар қажет болды.

"Нәтижесінде олар «Атамекен» Палатасының Павлодар облысы бойынша әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының «Жабдық таңдау бойынша кеңес беру» қызметін пайдаланып, мәселе оң шешімін тапты", - дейді орталық басшысы Айнұр Құсайынова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер