Павлодарлық "Атамекен" кәсіпкерлер мен «Екібастұзэнерго» ЖШС арасында медиатор болады
Кәсіпкерлік субъектілері Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына және Екібастұз қалалық филиалына келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша оларға заңгерлік көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінеді.
Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайға байланысты қиын жағдайға тап болған барлық кәсіпкерлерге Кәсіпкерлер палатасына келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз:
- 8 7182 66 03 11 («Атамекен» ӨКП қабылдау бөлімі);
- 8 771 173 43 42 («Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Әубәкіров Серік Мақсұтұлы);
- 8 777 781 49 14 ("Атамекен" ӨКП Екібастұз филиалының директоры Медият Мәдениетұлы Мұсанап).
Павлодар облысының «Атамекен» ӨКП монополист пен кәсіпкерлік субъектілері арасында медиатор болуға дайын.
«Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнеске келтірілген залалды сотсыз өтеу механизмін әзірлеу бойынша әкімдіктермен келіссөздер жүргізуге дайын», - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік Әубәкіров.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: