«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарда кәсіпкер вице-министрге өнімді сертификаттаудың қымбаттығына шағымданды

2022 жылғы 14 Желтоқсан
- Павлодар облысы
6255 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Динара Щеглованың қатысуымен диалог алаңы өтті.

Кездесуге сондай-ақ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол, «Qazindustry» АҚ қолдау құралдарын дамыту және мониторингілеу орталығының директоры Арыстанбек Сағиев, Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әсия Закарьянова, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының басшысы Айнұр Құсайынова, сондай-ақ облыстық іскер әйелдер кеңесінің өкілдері қатысты.

Диалог алаңында ұсақ моторикаға арналған экологиялық таза ойыншықтар шығару сертификатын қалай алуға болатынын Бизнесвумен Жанара Әубәкірова сұрады. Енді балаларға арналған түрлі ойыншықтарды шығаратын оның кәсіпорны жарты жылда бір әр өнім түріне сертификат алып тұруға міндетті, ал оның құны 120 мың теңге шамасында. Бұл кәсіпкер ісіне ауыр шығын болып тұр. Кездесу барысында кәсіпкерге 2023 жылы Қазақстанда бизнестің сертификаттау бойынша шығындарын өтеу бойынша мемлекеттік бағдарлама енгізу жоспарланып отырғаны туралы айтылды.

«Павлодарлық кәсіпкерлерді бизнесте IT-технологияларға қалай көшу керек, уақыт ресурстарын оңтайландыру үшін бизнесін қалай цифрландыру керек деген сұрақтар қызықтырады. Шағын бизнесті цифрландыру кәсіпкер үшін бұрын да оңай болмаған», - деп тағы бір сұрақты атап өтті Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының тәлімгері Жәмилә Ерназарова.

Ол тіпті қарапайым компьютерлік дағдыларды, сондай-ақ жұмысқа қажетті мобильді қосымшалар мен бағдарламаларды меңгеру іскер әйелдер үшін қарапайым мәселе болып қала беретінін айтты. Кәсіпкерлерді қосымшаларда жұмыс істеуге үйретуге келетін болсақ, вице-министрдің айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ-да  ismet.kz цифрлық платформасы бар, онда микро және шағын бизнес үшін көптеген цифрлық шешімдер бар. Олардың кейбіреулерін біраз уақыт тегін пайдалану арқылы тексеруге болады. Құжат айналымы үшін бір компанияда бір уақытта 50 адамға дейін пайдалана алатын doculite.kz бағдарламасы бар.

Вице-министр павлодарлық іскер әйелдердің көтерген мәселелерін талқылап, микро және шағын бизнеске, оның ішінде цифрлық технологияларға қатысты бірқатар шешімдер қабылдауға уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер