Павлодардың жекеменшік колледждері ұстаздарының жалақысының аздығына шағымданады
Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасында «Атамекен» - өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан білім комитетін құру мәселесіне арналған жиын өтті. Жиынға қатысушылар комитет төрағасын сайлап, саланың өткір мәселелерін талқылады. Соның бірі – ұзақ жылдар бойы көтерілмеген жекеменшік оқу орындарының жалақысы.
Кәсіпкерлер палатасында әртүрлі басым бағыттар бойынша, оның ішінде білім беру саласында салалық комитеттер құрылады. Бұл «Атамекен» ҰКП-ның бизнес мәселелерін шешуге бірыңғай көзқарасты қолдануы және Палатаның тиімді жұмысын жолға қою үшін трансформациялау аясында жүзеге асырылуда.
«Жаңа комитеттің басым бағыттарының бірі - Павлодар облысының кәсіпкерлерін комитет қызметіне тарту. Әр салалық комитетке өңірлік палатаның сарапшылары бекітілген», – дейді «Атамекен» өңірлік палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ажар Абылғазина.
Отырыста білім комитетінің тұрақты құрамы белгіленіп, төрағасы сайланды, отырыстардың кестесі мен тоқсандық жұмыс жоспары анықталды. Комитет отырыстарын жергілікті атқарушы органдардың, әкімдер орынбасарларының қатысуымен өткізу ұсынылады. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП орталық аппаратының салалық департаменттерінің қатысуымен комитеттердің отырыстарын өткізу жоспарда бар. Комитет төрағасы лауазымына Павлодар политехникалық колледжінің директоры Валерий Якутовтың кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылдады.
Палата жанындағы білім комитеті, адами капиталды дамыту бөлімі сияқты экономика салаларына кадрлар даярлау, колледждермен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату мәселелерімен айналысады. Комитет құрамына кәсіпорындарда құрылған оқу орталықтары мен дербес оқу орталықтары кірді. Комитет мүшелерінің қатарында «KSP Steel» ЖШС, «Компания Нефтехим ЛТД» ЖШС компанияларының басшылық құрамы, Ақсу және Екібастұз қалаларының оқу орталықтарының өкілдері де бар.
Көбінесе мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруда, балабақшалар мен жекеменшік мектептерде тамақтандыруда бизнестің мүдделерін қорғау қажет. Біздің жұмысымыздың негізгі бағыты -дуальды оқытуды дамыту бойынша облыс кәсіпорындарымен байланысты.
«Шешілмеген мәселе бар: мемлекеттік тапсырыс аясында топпен жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысын көтеру. Көптеген өңірлерде бұл мәселені Кәсіпкерлер палатасы мен БАҚ көтеріп жатыр. Бірақ мәселе шешілмейді. Біз бұл мәселені жоғары деңгейде көтеруді көздеп отырмыз, мүмкін тіпті алдағы орталық аппараттың отырысында көтереміз», – дейді Ажар Абылғазина.
\
Осы оқу орындарының барлығы бірдей мемлекеттік білім беру тапсырысын орындағанымен, жеке және мемлекеттік колледждердегі оқытушылардың жалақысында үлкен алшақтық орын алуда. Бюджеттен қаржыландырылатын оқу орындарында мұғалімдердің жалақысы тұрақты түрде көтеріледі, бірақ жеке колледж қызметкерлерінің жалақысы көтерілмейді. Кейбір жеке колледждер өз мүмкіндіктеріне байланысты жалақыларын көтереді, бірақ бұл өте сирек кездеседі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: