Павлодардағы «Атамекен» іскерлер кәсіпкерлерге грант беру шарттарын түсіндіруді сұрады
Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет көрсету комитетінің отырысы өтті.
Отырыста жаңадан құрылған комитеттің бірқатар ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды. Оның төрағасы болып «Ибрагим» ЖК басшысы Диана Ибрагим сайланды және төраға орынбасары болып «Бизнес тренд» коммуникативтік дамыту орталығы ЖК-нің жетекшісі Мунира Ахметзянова сайланды. «Атамекен» ӨКП-ның осы комитеті мәселелерді талқылай келе, енді оларды шешуді көздеп отыр. Сонымен қатар, бизнес өкілдері кейбіреулері кәсіпкерлік жобаларды қаржыландыру үшін мемлекеттік қолдау ала алмағанын айтты.
«Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы бұған дейін микро, шағын және орта бизнес субъектілері үшін гранттар бойынша конкурс өткізген болатын. Көптеген ШОБ субъектілері оларды ала алмады және қайта өтініш бергісі келеді. Сондықтан біз уәкілетті мемлекеттік органнан грант алу үшін құжаттарды тапсыру шарттары туралы түсініктеме беруін сұраймыз», – дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.
Сонымен қатар, комитеттің келесі отырысына Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдерін шақыру ұсынылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: