«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық "Атамекен" мемлекеттік сатып алу туралы дауға араласты

2023 жылғы 13 Сәуір
- Павлодар облысы
6477 просмотров

Қызығушылықпен шектесетін мәселені Павлодар облысы бойынша «Атамекен» ӨКП-ның Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесі қарады.
Палата атына ЖК Серікбаев Алтынайдан өтініш келіп түсті, оны Нұрлан Нәбиевтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында қарады. Кәсіпкер тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамай отырғанын хабарлады. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындысы бойынша 2023 жылдың 17 наурызында аталған жеке кәсіпкер мен КМҰ-ның арасында 114 000 теңгеге 2000 метр дәретхана қағазын жеткізуге шарт жасалды. 24 наурызда ЖК келісім шарт бойынша 2000 метрді жеткізді. Бірақ мемлекеттік ұйымның өкілі ЖК 2000 метрге, ал 2000 орам қағаз алып келуі керек деп тауарды қабылдаудан бас тартты. Техникалық сипаттамаға сәйкес, сатып алуды жариялау кезінде тапсырыс берушінің өзі 2000 метрлік дәретхана қағазын сатып алуды мәлімдеді. 9 наурыздағы № 56373447-ЗЦП1 лот бойынша сатып алу қорытындылары туралы хаттамада "Қағаз" атауы бар, "Өлшем бірлігі" бағанында "метр", "Саны" бағанында – 2000 көрсетілген.


Сондықтан, ЖК КМҰ-ның тауарды қабылдаудан бас тартуын негізсіз деп санайды және тауарды 31 наурызда қайта тапсырды, себебі келісім-шарт бойынша жеткізу мерзімі 1 сәуірге дейін. Тапсырыс беруші тауарды қабылдаудан бас тартты. Кәсіпкер КМҰ-ға хат жолдағанымен, жауап алмаған.

«Осылайша, ЖК өз тарапынан шарт бойынша өз міндеттемелерін орындап, тауарды шартқа және техникалық ерекшелікке сәйкес уақытында және көлемде жеткізіп берді. Келісімшарт жасалғанға дейін сатып алулар туралы хабарлау кезеңінде оның тарапынан қателік жіберілсе де, тапсырыс беруші тауарды қабылдаудан бас тартып отыр», - деп түсіндіреді Павлодар облысы Кәсіпкерлер Палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

Павлодар «Атамекен» ӨКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі КМҰ-ға шарттық міндеттемелерін орындауды ұсынды. Осы кездесуден бірнеше күннен кейін ҚМҰ қатені түзетіп, кәсіпкермен қосымша келісім-шартқа отырып, тауарды қабылдап, төлемін жүргізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер